Мақалада академик Кеңес Нұрпейстің ғылыми зерттеулері бойынша, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің автономиялы мемлекет құру жолындағы күресі мен ұлттық идеяларының қазіргі ұлттық тарихта оқытылу мәселесі туралы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Алаш қозғалысының негізгі ұлттық идеологиясын, қозғалысының саяси бағдарламасын, қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі мен рөлін терең зерттеген ғалым Кеңес Нұрпейісұлының ғылыми еңбектерінің ұлттық тарихты оқытудағы маңыздылығын көрсету. Тарихи таным әдістемесі құрылымының элементтерін сипаттайтын академик Кеңес Нұрпейстің ғылыми мұраларындағы ақиқатқа ұмтылу, проблеманы шешу, мақсат қою, объективтілік, эмпиризм, тарихи-теоретизм, жаңашылдық әдістерін қолдану мақаламыздың әдіснамалық негізін құрайды. Кеңестер билік құрған тұста идеологиямен тұншықтырылып, қуғын-сүргінге ұшыраған, одан қала берді «құпия» белгімен жасырып тастаған тарихымыздың «ақтаңдақ» беттері жетерлік. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі, әрине ол – зиялы қауым өкілдері. Қазақ халқының саяси және ұлттық санасын оятуды мақсат етіп қойған, «Оян қазақ!» деп ұрандатқан, елімізде «Алаш қозғалысы» деп танылған ұлттық интеллигенттеріміздің тәуелсіздік жолындағы күрескерлігін алғашқылардың бірі болып зерттеген Кеңес Нұрпейісұлының «Алаш һәм Алашорда» монографиясы басшылыққа алынды. Еліміз тәуелсіздігін алғалғаннан кейінгі тарихымыздың қайта жаңғыруы мен қайта жазылуы және оның ұлттық тарихта оқытылу мәселесі сараланды. ХХ ғасырдың басындағы саяси қозғалыстардың, саяси партиялардың тарихы мен ұстанымдары ұлтымыз үшін де, ұлттық тарихымыз үшін де, ұлтжандылығымыз, тіпті ұлтымыздың болашағы үшін де маңызды мәселе. Сондықтан ұлттық идеяның, қазақ тарихының, қала берді қазақ ғылымының іргетасын қалаған зиялы қауым өкілдерінің ұлт болашағы үшін атқарған жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеген, ұлттық сананы қалыптастыруға зор үлесін қосқан академик Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейстің орны ерекше.
ХХ ғ. басындағы ұлттық идеяның қазіргі отандық тарихта оқытылу мәселесі (академик К.Нұрпейістің зерттеулері мысалында)
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
, академик Кеңес Нұрпейс
Алаш қозғалысы
ғылыми мұра
ұлттық тарих
тәуелсіздік жолындағы күрес
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сманова, А. і Ахметова , Ж. 2026. ХХ ғ. басындағы ұлттық идеяның қазіргі отандық тарихта оқытылу мәселесі (академик К.Нұрпейістің зерттеулері мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.022.
