Алтын Орда тарихы еліміздің тарихымен тұтасып жатқан тарих. Соңы кезде Жошы ұлысының тарихына қатысты зерттеулердің көптеп жазылып жариялануына қарамастан, осынау алып империяның мемлекеттік құрылымындағы билік тармақтарының жіктелуі әлі де жеткілікті қарастырылмаған. Сондықтан да біз өз мақаламызда аталған кемшіліктің орнын толтыру мақсатында Қараша билер деп аталған билер тобының билік құрылымыднда атқарған қызметі мен құзіреті олардың Алтын Орда мемлектінің күшейіп өркендеуінде қосқан үлесі мен басқару ісіндегі ықпалын қарастырдық. Біз өз зерттеуімізде Жошы Ұлысында Шыңғыс ұрпағы болмағандықтан ғана хан сайланбай әйтседе осы Алтын Орда мемлекетіндегі хандарды билікке әкеліп және биліктен тайдырып хан аталмағанмен хандар тағдырын шешкен ұлы тұлғалардың тарихтағы ролі мен осы ұлыстың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасындағы олардың ықпалы талдау нысанына айналды. Бұл Қараша билер деп аталған билер тобының қызметінің бір саласы халықаралық қатынастар болды және Алтын Орда ханының атынан және оның тапсырмасы бойынша хат алмасу арнайы түрде жүргізілгенімен, негізгі келіссөздер мен шарттардың талаптарын белгілеп берді. Мақалада алғаш Төрт би жүйесін зерттеген В.В.Вельяминов-Зернов, Қадырғали Жалаири. Олардың еңбегі Төрт қараша бидің маңызын түсінуге жол ашты. Қадырғали Жалаиридің өзі де Қараша би дің бірі болған Бұл бағытта Рашид ад-диннің жазбалары да мақаламыздан тыс қалмады. Кейінгі Алтын Орда билеуші билерінің тағы бір ерекшелігі төрт бидің ішіндегі көшбасшысы «Билер биі» деп аталған. Бұл билер биі Алтын Орда ұлыстарының бірін басқаруды жалғастырды. Мұның бәрі карашы бекті тек бектердің бірі немесе әмірлердің үстіндегі Әмірге ғана емес, сонымен бірге ханның ең жақын көмекшісі және уәзірі, Жошы ұлысының әскери жүйесін басқарудың барлық бағыттарын өз қолында ұстаған мемлекеттің басты қайраткері ұлы уәзір етті. Мұндай билік олардың ішіндегі ең көрнектілеріне тарихтың шешуші сәттерінде ханның номиналды қатысуымен Алтын Орданы өз бетінше басқаруға мүмкіндік берді. Зерттеу мақаланың маңыздылығының өзі тұлға туралы білімнің дамыған құрылымы сипатында әрекет ете отырып кез-келген тарихи тұлғаны зерттеу кезінде мазмұнды таңдауға негіз бола алады.
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ « ҚАРАША БИЛЕРДІҢ» АТҚАРҒАН РОЛІ.
Жарияланған March 2026
3
3
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нарымбет, Г., Жанболатов, С. і Ахметшина, Г. 2026. АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ « ҚАРАША БИЛЕРДІҢ» АТҚАРҒАН РОЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.020.
