Ш. Мұртаза қазақ қоғамына ең алдымен жазушы ретінде танылған тұлға, оның қаламынан туындаған мақалалар мен эсселер, әңгімелер мен романдары әрдайым көкейтесті мәселерді көтеруімен де құнды. Бұл мақалада Шерхан Мұртаза шығармаларының біз үшін маңыздылығы оның тарихи тақырыптарды кең көлемде қамтыған мақалаларында, эсселерінде тіпті күнделіктерінің өзінде тарихи мәселелерге үнемі айналып соғып отырған өзіндік ерекшелігі мол жазушы екенін көрсеттік. Шығармашылық мұрасы мен жеке мұрағат қоры оның қоғамдық, қайраткерлік қызметінің және ғылыми–шығармашылық еңбектерінің құндылығын ашуға көмектеседі және зерттеудің өзегі болып табылады. Жамбыл облысы әкімдігі мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының дайындауымен жарық көрген «Ауылды сені сағынам» жинағындағы Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы үйінде сақталған қолжазбаларынан үзінділер, студент шағындағы хаттары мен күнделіктері ғылыми мақаланы жазу барысында осы жеке қоры пайдаланылды. Зерттеудің басты мақсаты Ш. Мұртаза күнделіктері мен хаттарын тарихи тақырыпқа жазған әңгімелері мен эсселерін талдау арқылы жазушының шығармашылық және тұлғалық қалыптасу жолдарын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес міндеттері, яғни жазушының шығармашылығындағы күнделіктер мен хаттарының рөлі анықталады, тарихи әңгіме, эсселердің тарихилық сипаты талданады. Мақалада ретроспективті, салыстырмалы әдістер қолданылды. Ш. Мұртаза күнделіктері мен хаттарындағы, әңгімелері мен эсселеріндегі тарихи тұжырымдар, З. Валиди еңбектері, Думан Анаш сұхбаттары мен қосымша құжатқа негізделген деректер арқылы тарихи шындығы негізделді. Ш. Мұртазаның күнделіктері хаттары, эсселері мен тарихи шығармалары арқылы біз жазушының әдебиетімізбен қатар төл тарихымызға да зор үлес қосқанын көрсеттік.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
шығармалар, тарихилық, хаттар, күнделіктері, мақалалары, эсселері, естеліктер, жазушы, репрессия.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ермаханова, Р. і Дүкенбаева, З. 2026. Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИЛЫҚ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.028.
