Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

РЕСЕЙ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БАТЫС СІБІР ҚАЗАҚТАРЫН БАСҚАРУДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ДАЛА ЕРЕЖЕСІ БОЙЫНША

Жарияланған September 2026

0

0

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

ХІХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Ресейдің өлкеде жүргізген әкімшілік, саяси қайта құруларының нәтижесінде қазақтар мекендейтін территориялар таралып, бірнеше әкімшілік құрылымдарға кіргізілді. Бұрынғы Бөкей хандығы территориясы Астрахань губерниясының құрамдас бөлігіне айналды. Манғыстау жері Закаспий облысының құрамына берілді. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстары Дала генерал-губернаторлығына енгізілді. Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында қалды. Қазақтар Далалық өлкемен іргелес Сібір, Алтай аймақтарында да мекендеді.

Әкімшілік басқару жағынан Дала генерал-губернаторлығы облыстарының өзі түрліше жүйеде болды. Жетісу облысында 1867 жылғы Ережемен енгізілген әскери-халықтық басқару жұмыс жасады. Семей облысын 1868 жылғы Ереже бойынша, әскер қолбасшылығын қатар атқарған, әскери губернатор басқарды. Ақмола облысында 1881 жылдан бастап губернатор басшылық етті. 1867, 1868 жылдардағы Ережелер арасында да елеулі айырмашылықтар сақталды. «Уақытша» мәртебедегі, тәжірибе ретінде екі жыл мерзімге енгізілген бұл Ережелерді өзгерту қажеттілігі өзекті мәселеге айналады. Осыған орай, 1891 жылы қазақ даласын басқаруды бірыңғайға келтіру мақсатындағы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже» жасақталды.

Мақалада 1891 жылдың 25 наурызында бекітілген осы Дала ережесінің «Әкімшілік құрылым» бөлімінің баптарына талдау жасалады. Кейбір баптар 1867, 1868 жылдардағы Ережелер қағидаларымен салыстырыла сарапталады. Зерттеу нысанына сай, баптар Батыс Сібір өлкесіне қатысты фактілермен дәйектеледі. Қазақ даласын басқару ісінің империяның ішкі губерниялық әкімшілік жүйесіне сәйкестендірілгені атап көрсетіледі.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абенова, Б. і Абенов, Д. 2026. РЕСЕЙ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БАТЫС СІБІР ҚАЗАҚТАРЫН БАСҚАРУДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ДАЛА ЕРЕЖЕСІ БОЙЫНША. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026), 5–20. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.001.