Мақалада Отандық тарих пен тарихнаманың өзекті мәселелерінің бірі – Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің кеңестік кезеңде зерттелу барысы талданады. Отандық тарихнамадағы қайта қарауды талап ететін тақырыптардың бірі тау-кен өнеркәсібі екендігі рас. Бұл тақырып кеңестік кезеңде бірқатар ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тақырыпты қайта қарау қажеттілігі жаңа методологиялық ұстанымдар мен әдістердің пайда болуымен байланысты. Бүгінгі таңда осы мәселені зерттеу үшін және тақырыптың жаңа бағыттарын анықтау үшін ең алдымен кеңестік кезеңдегі тұжырымдарды саралау маңыздылығы пайда болды. Мақалада тарихнамалық еңбектердің пайда болуы мен мазмұнын талдау әдістері, сондай-ақ тарихилық, объективтілік пен әлеуметтік қағидаттар кеңінен қолданылды. Жұмыста салыстырмалы-тарихи, жүйелеу, ретроспективті және проблемалық-хронологиялық талдау әдістері пайдаланылып, кеңестік кезеңдегі еңбектердің ғылыми құндылығы мен артықшылықтарына баға берілді. Нәтижесінде, тау-кен өнеркәсібі тарихының зерделену деңгейі анықталып, кеңестік идеология шеңберінде назардан тыс қалған тұстары айқындалды. Тұжырымдар болашақта осы сала бойынша жүргізілетін іргелі зерттеулердің негізіне айналатындығы анықталды.
КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Жарияланған September 2026
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
тау-кен өнеркәсібі, шетелдік капитал, кеңестік тарихнама, капитализм, жұмысшы табы, мәселенің зерттелуі.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұратай, А. і Кундакбаева , Ж. 2026. КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.029.
