Мақалада 1824-1869 жылдар аралығында Кіші жүз аумағында қалыптасқан сұлтан-басқарушылар институтының пайда болу алғышарттары, құқықтық негіздері және қызметтік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу Ресей империясының отарлық басқару жүйесін енгізу үдерісіндегі хандық биліктің жойылуы мен оның орнына енгізілген жаңа әкімшілік құрылымдардың мәнін ашуға бағытталған. Сондай-ақ зерттеуде Ресей империясының отарлық басқару саясаты жағдайында қазақ сұлтандарына әскери шендердің берілу тәртібі, олардың сатылы түрде өсуі, мұрагерлік сипат алуы және империялық дворяндық құрамға ену үдерісі архивтік деректер негізінде қарастырылады. Автор Кіші жүздегі әкімшілік-территориялық бөліністің жүзеге асырылуын, сұлтан-басқарушылардың әлеуметтік мәртебесін, материалдық қамтамасыз етілуін, әскери атақтары мен билік символдарының маңызын архивтік деректер негізінде талдайды. Сонымен қатар, сұлтан-басқарушылардың әкімшілік, сот және саяси қызметі, олардың Орынбор әкімшілігімен өзара байланысы мен патша үкіметінің тапсырмаларын орындаудағы рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде сұлтан-басқарушылар институтының қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесінің трансформациясына, әлеуметтік жіктелуге және халық пен билік арасындағы қатынастардың өзгеруіне елеулі ықпал еткені тұжырымдалады. Мақала Қазақстанның ХІХ ғасырдағы отарлық кезең тарихын зерттеуге және сұлтан-басқарушылар институтына қатысты архивтік материалдарды ғылыми айналымға енгізуге үлес қосады.
КІШІ ЖҮЗДЕГІ СҰЛТАН-БАСҚАРУШЫЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ (1824-1869 ЖЖ.)
Жарияланған June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Кіші жүз
сұлтан-басқарушылар институты
Ресей империясы
жарғы
хандық билік
әкімшілік-аумақтық басқару
шекаралық комиссия
билік символдары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ботхолдин, Қ. і Әзімхан, Б. 2026. КІШІ ЖҮЗДЕГІ СҰЛТАН-БАСҚАРУШЫЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ (1824-1869 ЖЖ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.019.
