Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

THE DOUBLE BURDEN ФЕНОМЕНІ: СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЖЕҢІСТЕГІ ҮЛЕСІ (АРХИВ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Жарияланған March 2026

2

4

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

A.A. Тасилова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты

Аңдатпа

Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы (1941-1945)  Оңтүстік Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік және еңбектегі рөлі талданады. Зерттеу барысында “Double burden”  қосарланған еңбек жүктемесі қарастырылып әйелдердің өндірістік және тұрмыстық міндеттерді қатар алып жүруінің салдары анықталды. Архивтік құжаттар негізінде соғыс жылдарындағы әйелдердің қоғамдағы рөлі айрықша маңызға ие болғаны дәлелденіп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік ұтқырлық құбылысы қарастырылады. Алғаш рет орыс-американдық әлеуметтанушы Питирим Сорокиннің зерттеулерінен туындаған бұл құбылыс соғыс жылдары әйелдердің қоғамдағы рөлінің қалыптасуын зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. Соғыс жылдары фронтқа кеткен ерлердің жұмыстары мен міндеттерін әйел адамдар өз мойнына алды. Нәтижесінде олардың қоғамдағы орны жоғарлап, вертикалды әлеуметтік ұтқырлықтың бір түрі қалыптасты. Тылдағы еңбек, өндірістік қызмет және қоғамдық ұйымдарға қатысу арқылы әйелдер жаңа мәртебе мен беделге ие болды. Сонымен қатар соғыс жылдары кәсіби даярлықтың жаңа мүмкіндіктері ашылып, әлеуметтік құрылымның динамикасы күшейді. Соғыс жылдары әйелдер гумантиарлық және медициналық салаларда маңызды рөл атқарды, сондықтан олардың еңбегі тек материалдық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан да үлкен маңызға ие болды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Tassilova, A. 2026. THE DOUBLE BURDEN ФЕНОМЕНІ: СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЖЕҢІСТЕГІ ҮЛЕСІ (АРХИВ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.032.