Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ С.БЕЙСЕМБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

Жарияланған June 2026

0

0

Margulan university
Аңдатпа

Бұл қарастырылып отырылған мақаланың маңыздылығы - Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің тарихына қоғамдық шығармашылықтың, қызығушылықтың өсуімен түсіндіріледі. Яғни, тарих ғылымының негізін салғандардың, нақты жеке адамның роліне баға беріп, олардың шығармашылық маңыздылығының мәніне терең түсінікпен қарау қажеттігі айтылады. Бүгінгі күнде жеке адамның қоғамдағы ролін зерттеу дәстүрге айналып, тарихта ерекше көрініс беріп, қолдау табуда. Бұл тұрғыда көрнекті ғалым-тарихшы, қоғам қайраткері, ғылым саласындағы ұйымдастырушы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі С.Б.Бейсембаев тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы Одақтас республикалардың тарихнамасынан да ерекше орын алатындығында дау жоқ.

ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялылардың ролін тек біржақты жағымсыз көрсету кеңестік тарихнаманың жалпы әдіснамалық әлсіздігі болып табылады. Оның мәнісі шығыстағы, шет елдердегі ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялыларының ролі кеңестік тарихнамада жағымды бағаланса, патшалы Ресейдің отарлы аймақтарына келген уақытта осы жай қарама-қарсы сипатталады.

Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын барынша шыншылдықпен, асқан байыптылықпен, нақты тарихи, статистикалық, архив деректерімен көрсетіп бере алған С.Бейсембаев еңбектерінің бүгінгі күн тұрғысынан дұрыс бағалап, кейінгі ұрпақтың рухани байлығына айналдыру тарихшы-зерттеушілердің алдында тұрған үлкен міндет.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абдрахманов, Б., Айткенов, З. і Құдайбергенұлы, Б. 2026. ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ С.БЕЙСЕМБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.029.