Мақалада С.Аманжоловтың түркі халықтарының шығу тарихына арналған еңбектеріне талдау жасалады. С.Аманжоловтың түркі тайпаларының пайда болу, даму тарихына арналған салмақты ойларына баға беріледі. Сонымен қатар, ғалымның қазақ халқының этногенезіне арнаған еңбектеріне зерттеу жасалған. С. Аманжоловтың өзіне дейін түркі халықтарының тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасаған объективті ойлары мақалада жан-жақты жазылған. Сонымен қатар, С.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысы кезінде саяси жетекші болып жұмыс істеп, түркі тілдес халықтардан келген әскерлерге аударма мәселесімен көмектескені жазылған. С.Аманжолов мұрасының айтарлықтай бір бөлігі тіл саласымен қатар қазақ халқының этногенезінің өзекті мәселелеріне арналған. Зерттеу кезінде ғалым тарихи деректерді, өзіне дейін зерттеген ғалымдар еңбегімен, халықтың ауызекі тарихнамасымен, шежіре мәліметтермен салыстыра, ыңғайластыра зерттеп жазғаны туралы мәліметтер келтірілген. Мақалада ғалымның қазақ халқының, оны құрайтын үш жүздің рулық-тайпалық құрылымын зерттеп, оларға тән ортақ белгілер мен жекеленген Қазақ халқының этникалық және ру-тайпалық құрамын зерттеуі жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, Қазақ халқының ежелгі ең ірі тайпалық құрамы үйсіндер, дулаттар, алшындар, керейлер, наймандар, арғындар, меркіттер, қоңыраттар, жалайырлар және қыпшақтардың этникалық құрамына талдау жасалады. С.Аманжоловтың кейбір ежелгі тайпалардың тілін зерттей отырып, Қазақтың үш жүзінің құрылуы және тайпалық одақтардың пайда болуы туралы зерттеулеріне салмақты баға берілген. Мақалада ғалымның ІV-VІІІ ғасырларда Орхон-Енисей нұсқаларындағы көне жазуды зерттей келіп, бұл жазулардың біразы дулаттардікі болуы мүмкін деген пікіріне тарихи талдау жасалған. Сонымен қатар, C.Аманжоловтың қаңлы, қыпшақ, қоңырат, алшын, найман, ошақты, шеркеш, есентемір, жүй, жағалбайлы, мансыз, бағаналы, бекболат, шапрашты, сіргелі, шөмекей, жалайыр, тарақты, саржомарт, шанышқылы, дулат, арғын, балталы, қаракерей, уақ, сарыүйсін, адай, матай, қаракесек, керейлерді зерттеген еңбектері талданған. Мақалада ғалымның қазақтың ру-таңбаларын зерттеуі, оның тіл мен тарихқа байланыстылығын шебер үйлестіре көрсетуі бағаланып көрсетілген. Сонымен қатар, ғалымның «Қазақ халқы мен тілінің пайда болуы», «Жазу және тамға», «Өтеген столбасы», «Қазақстандағы Ғағауыздар», «Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері және оның қазіргі түрік тіліне қатынасы» еңбектеріне талдау жасалынып, алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН ЕҢБЕКТЕРІ
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
этногенез, диалектология, антропология, ру, тайпа, жүз, таңба, шежіре, тамға, палеонтология, фратрия, тұқым, жанұя, ұрпақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тарлаубай A. і Б., Ш. 2025. С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН ЕҢБЕКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 86, 2 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.026.
