ХХ ғасыр – жалпы материалдық құндылықтарды бірінші орынға шығарған ғасыр. Бірақ бұл жағдай әрбір аймақта, әр елдің территориясында өзінше дамып отырды. Сонымен қатар, рухани құндылықтар-дың мәнін түсінуге ұмтылыс та осы тарихи дәуірде ерекше серпінге ие болды. Өйткені, адамзат баласы екі бірдей дүниежүзілік соғысты басынан өткізіп, болашағына күмәнмен үреймен қарады. Осындай объективті қиыншылықтар рухани мәдениеттің дамуында тың серпіліс, дүмпу тудырды. Бұл тек өрке-ниеттік жаңалық емес, әдеби, мәдени төңкеріс әкелген дәуір. Мұның тарихи-философияға да тікелей қатысы бар. Өйткені, адам болмысы мен оның мәдени-рухани құндылықтарын жан-жақты сараптау, ішкі құрылымы мен сыртқы көріністерінің қайшылықтарын айқындап, оның туындау себептерін түсіндіру өте маңызды. Бұл – философиялық таным ғана жүзеге асыратын міндет. Ұлттық философияны әр халықтың асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы деп түсінгеніміз абзал. Қазақ халқының этникалық тегі жағынан қарастыратын болсақ, мың жылдан аса мәдениеті мен тарихы және философиясы бар ел болып саналғандықтан әлемдік философияның бір бөлігін құрап отырғаны анық.
ТАРИХИ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жарияланған May 2021
60
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдурахманов , Н. 2021. ТАРИХИ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).