Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕҢЕС БИЛІГІ ҮШІН КҮМӘНДІ БОЛҒАН МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Жарияланған December 2025

0

казнпу им Абая
Аңдатпа

Бұл мақалада Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында 1917–1953 жылдары адам еңбегін жазалау және қанау үшін қолданылған әртүрлі әдістеріне тоқталып, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханұлына қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргіннің себебі қарастырылған. Бұл жылдар халықтың, әсіресе, зиялы қауымның ғылымдағы, әдебиет пен өнердегі шығармашылығы «космополитизммен», «идеясыздықпен» ұштастырылып, онымен күресуде репрессиялық шаралардың жаңа толқыны пайда болды. Әрбір заманның жақсылығымен қатар ауырпашылығы да қатар жүреді десек, қазақ жазушылары Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханұлы қазақ тарихын әдебиетпен ұштастыра зерттегені үшін қуғын-сүргіннен тартқан тауқыметі олардың кейінгі өмірін азапқа салды. Сталиннің қайтыс болғанына дейін (1953) қазақ ғылымы мен әдебиеті саяси идеологияның ызғарына ұшырады. Соның салдарынан еліміз қаншама ұлтжанды азаматтарынан айырылғаны тарих беттерінен мәлім.

Мақаланың мақсаты – Мұхтар Әуезов және Қайым Мұхамедханұлының заңсыз қуғындалуын зерттеу арқылы ХХ ғасырдағы кеңес билігінің адамзатқа қарсы бағытталған сталиндік қуғын-сүргін кезеңі туралы жазылған зерттеулерге жаңа өлшем қосуға болатынын көрсету. Мақалада қазақ жазушыларының тарих пен салт-дәстүрді өрнектеген шығармаларына тағылған айыптаулар мен оларды жоюдың түрлі жолдары қарастырылып, өткені мен бүгіні салыстырылды.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Отыншиева, Г. 2025. КЕҢЕС БИЛІГІ ҮШІН КҮМӘНДІ БОЛҒАН МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.031.