Мақалада 1930-жылдары Маңғыстау өңірінде жүзеге асқан кеңестік әлеуметтік-экономикалық трансформацияның ерекшеліктері архивтік деректер негізінде талданады. Зерттеу барысында сайлау комиссияларының хаттамалары, азаматтардың өтініштері мен шағымдары, сондай-ақ кулактарды әшкерелеу жөніндегі құжаттар пайдаланылды. Мақалада халықтың саяси құқықтарынан айырылуы, қоғамға жат элемент ұғымының қолданылуы, жалдамалы еңбекті пайдаланғаны үшін шаруалардың кулак қатарына жатқызылуы сияқты мәселелер қарастырылды. Сонымен бірге, сайлау құқығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік жағдайы, отбасыларының аштық пен жұмыссыздыққа душар болуы нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Кеңестік биліктің әлеуметтік бақылау саясатының Маңғыстаудағы ерекшеліктерін ашып, оның ауылдық қоғамға тигізген әлеуметтік-саяси және экономикалық салдары сараланды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кеңестік жүйеде саяси құқығынан айыру тек жекелеген тұлғаларға емес, олардың отбасы мүшелеріне де қолданылған. Сонымен қатар, құжаттар кулак ұғымының тым кеңейтіліп, әкімшілік органдар тарапынан қарапайым еңбекші шаруаларды да қамтығанын айғақтайды. Деректердің мазмұны кеңестік саясаттың идеологиялық мақсаттарды заңдық тетіктер арқылы жүзеге асырғанын және әлеуметтік әділетсіздіктерді күшейткенін көрсетеді.Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттар сайлау комиссияларының шешімдері мен атаулы тізімдер кеңестік биліктің саяси бақылауды күшейтіп, тұтас әлеуметтік топтарды (саудагерлерді, дін қызметкерлерін, бұрынғы офицерлерді, жер аударылғандарды) саяси құқықтарынан айыру арқылы қоғамды таптық тұрғыда қайта құруға ұмтылғанын көрсетеді. Олар тәркілеу мен саяси құқықтардан айыру науқандарының халықтың күнделікті өміріне, материалдық мәдениетіне және қоғамдық құрылымына тікелей әсер еткенін дәлелдейді.
Кеңестік әлеуметтік-экономикалық трансформацияның Маңғыстаудағы ерекшеліктері
Жарияланған December 2025
4
7
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аягуз, Н., К.М. , Ж. і С.А. , Е. 2025. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық трансформацияның Маңғыстаудағы ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.005.
