Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ЕСКЕРТКІШТЕРІН САҚТАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ

Жарияланған December 2025

0

0

Астана халықаралық университеті
Аңдатпа

Мәдени мұраны сақтау процестеріне халықаралық қоғамдастықтың белсенді қатысу процесі, әдетте, ХХ ғасырдың ортасынан бастау алды. Мәдени мұра деп біз мәдени дәстүрлерді, мінез-құлықтың тұрақты стандарттарын, адамгершілік нормалары, ойлау стереотиптері, саяси, құқықтық және философиялық идеялар, эстетикалық ұғымдар сияқты рухани құндылықтарды түсінеміз. Дәл осы дәстүрлер халықтың қазіргі өмірінің тарихи тамырларын құрайды және оның мәнін көрсетеді. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау тек қана Қазақстан аумағында ғана емес бүкіл мемлекеттердің алдындағы міндет болғандықтан, дүниежүзілік шаралар қолданылған. Соның бірі, ЮНЕСКО ұйымының дүниежүзі халықтары арасында беделі зор.  Мәдени мұраны қорғау мақсатында зерттеу рухани мәдениетті нығайтады. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – Мәдени мұра нысандарын сақтауда халықаралық ұйымдардың маңызын зерттеу; осы бағдарлама бойынша жетекші ұйымдардың жұмысын қазіргі даму тенденциялары бойынша сараптау; тарихи-мәдени мұралардың мемлекет тарапында ғана емес дүниежүзіндегі маңызын айқындау. Нәтижелер. Мақалада әлем бойынша ортақ құндылық саналатын тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселелерін халықаралық дәрежеде көтеретін ұйымдардың маңызы қарастырылады, бұл тақырыпқа талдау жасау қазіргі ғылымның талабы болып табылады. Бұл зерттеу рухани, әлеуметтік, саяси және идеологиялық факторлармен анықталады. Қорытынды. Қазіргі кезеңде мәдени мұраны сақтау жүйесінде маңызды рөлді ЮНЕСКО ұйымымен қатар, көрнекті жерлерді қорғау тәжірибесінде мәдени және кәсіби стандарттарды анықтайтын халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда зор үлес қосып жатыр.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Әуелбеков, М. 2025. ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ЕСКЕРТКІШТЕРІН САҚТАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.028.