Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

УАҚЫТША ҮКІМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНІҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША КОМИССАРЛЫҚТЫ ЕНГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған September 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Аңдатпа

Мақала 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан өлкесінде енгізілген Уақытша үкімет комиссарлары институтының құрылуы мен қызметінің ерекшеліктеріне арналған. Зерттеудің басты мақсаты – комиссарлардың өлкедегі билік құрылымындағы орнын, саяси-құқықтық мәртебесін және олардың қызметінің нәтижелерін айқындау. Жұмыста комиссарлардың облыстық, уездік, учаскелік деңгейде атқарған қызметі, полиция органдарын реформалаудағы, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудағы, сондай-ақ Құрылтай жиналысына сайлауды өткізуге дайындық барысындағы рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, commissarлар мен қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасы талданады.

Мақалада Қазақстан мен Ресей мұрағаттарынан алынған жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілді. Алғаш рет Түркістан өлкесіндегі комиссарлар институтының қызметі арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылып, олардың саяси ұстанымдары мен тәжірибелік әрекеттеріне жан-жақты талдау жасалды. Мақаланың ғылыми жаңалығы – комиссарлар қызметін ашатын архив материалдарын жүйелеу, олардың заң шығару және басқару тәжірибесін анықтау, сондай-ақ тарихнамадағы бұрынғы түсініктерді сын тұрғысынан қайта қарастыруда. Бұл зерттеу Түркістан өлкесінің саяси тарихын тереңірек түсінуге, ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттік басқару институттарының қалыптасу ерекшеліктерін айқындауға үлес қосады. Сонымен қатар үкіметтің өзін-өзі басқару және жергілікті басқару органдары жөніндегі қаулылары мен жарлықтарын сақтау мен қадағалауды жүзеге асыратын Уақытша үкіметтің облыстағы өкілі ретіндегі губерниялық (облыстық) комиссар мәртебесі де айтылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нұрманбетқызы Ж. 2025. УАҚЫТША ҮКІМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНІҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША КОМИССАРЛЫҚТЫ ЕНГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.014.