Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ЕРІКТІ ҚОҒАМДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ТӘЛІМІ

Жарияланған September 2025

0

0

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы волонтерлік қызметтің тарихи сабақтастығы, сондай-ақ 1920-1930 жылдары ұлттық интеллигенцияның ерікті ұйымдардағы рөлі қарастырылады. Ғылыми айналымға бұрын жарияланбаған құжаттар енгізіліп, ерікті қоғамдардағы зиялылардың ағартушылық қызметінің ерекшеліктері мен олардың қоғамдық өмірдегі рөлі талданады. Зерттеу Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың тарихи бастауларын, кеңестік дәуірдегі ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын ашып көрсетеді. Волонтерлік қызметтің идеологиялық бағыты, қоғамдық бастамалары мен институционалдық формалары, сондай-ақ олардың әлеуметтік-тарихи контекстегі маңызы айқындалады. Азаматтық бастамалар мен ресми идеология арасындағы байланысты ашу мақсатында мемлекет саясатына назар аударылған. Зиялылардың ағартушылық, қайырымдылық және мәдени-ағартушылық қызметі сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосылған үлес ретінде, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтауға және қоғамды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар ретінде зерделенеді. Олардың тәжірибесі қазіргі қоғам үшін әлеуметтік инновацияның тарихи үлгісі ретінде құндылығы бағаланады. Сонымен қатар қазақ қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси өмірінде маңызды орын алған бұл ұйымдар ұлттың рухани дамуына, ағартушылық пен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Зиялылардың бастамасымен құрылған мәдени-ағартушылық, ғылыми, әдеби және қайырымдылық қоғамдардың қызметі талданып, олардың тарихи тәжірибесі қазіргі азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал еткен фактор ретінде бағаланады. Сонымен қатар, қазақ зиялыларының қоғамдық бастамаларға қатысу тәжірибесі жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық бірегейлікті нығайту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру тұрғысынан сабақ боларлық құндылық ретінде ұсынылады.

pdf