Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ПАНАСЫЗДЫҒЫ: ТАРИХЫ МЕН ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

Жарияланған September 2025

0

0

КазНАИ имения Т. Жургенова
Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы аштық салдарынан орын алған балалар панасыздығы мәселесі қарастырылады. Азамат соғысы жылдарында енгізілген «әскери коммунизм» саясаты нәтижесінде 1921-1922 жылдары аштық орын алды. Аштықтың ауыр салдары болды. Халық санының кемуі орын алды. Аштықтың ауыр салдарын балалар көрді. Үлкендердің бақылауынсыз қалған балалар көше кезіп, панасыз балалардың санын арттырды. Мұндай жайт ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында жүргізілген саясаты салдарынан кейін де қайталанды. Ашаршылықтың ауыр салдары алдымен қазақ халқының этникалық құрамындағы күрделі өзгерістерден көрінді. Сонымен қатар панасыз балалардың санының күрт өсуі орын алды. Балалар панасыздығының алдын алу мақсатында мемлекеттік деңгейде көптеген шаралар атқарылды. Балалар үйлері ашылып, тамақтандыру орталықтары жұмыс жасап бастады. Алайда балалар үйінің материалдық жағдайы өте ауыр болды. Ғимараттарда жылу жүйесі болмады. Төсектердің жетіспеушілігі, киім-кешек тапшылығы, азық-түліктің болмауы сияқты мәселелер барлық балалар үйіне тән болды. Аталған мәселелерді шешу ісін ұлт қайраткерлері өз жауапкершілігіне алды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалар панасыздығының алдын алу, оларды мемлекет қамқорлығына алу, материалдық қажеттіліктерін өтеу сияқты маңызды мәселелер ұлт қайраткерлерінің араласуымен шешімін тапты.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.А. Нурмухамбетов, А.Т. Қайпбаева і Б.П. Жақсымбетов 2025. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ПАНАСЫЗДЫҒЫ: ТАРИХЫ МЕН ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 85, 1 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.006.