Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КАРЛАГТЫҢ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАР КОНТИНГЕНТТЕРІ: 1930-1940 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ

Жарияланған December 2025

0

0

Карагандинский университет имени Е. Букетова
Аңдатпа

Мақала КСРО-да ГУЛАГ жүйесінің қалыптасуының алғашқы онжылдығындағы Гулагтың балалар мен әйелдердің лагерьлерінің тарихы туралы аз зерттелген мәселелердің біріне арналған. Алғашқы және ірі ауылшаруашылық лагерлерінің бірі болып табылатын Қарағанды еңбекпен түзеу лагерлерінде  тұтқындар қатарында әйелдер мен балалар ұсталған болатын. Автор архив қорларындағы материалдар негізінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қамаудағы әйелдер мен балаларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету мәселесіне талдау жасайды. Қамаудағы ең осал топтардың (әсіресе балалардың) ұстаудың аса ауыр жағдайлары, медициналық-санитарлық қызмет көрсетудің төмен деңгейі, медициналық кадрлар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі және басқа да себептер Карлагта өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуына алып келді.

Бұл мақаланың деректер негізін шетелдік (Ресей Федерациясы) және отандық архивтардан алынған құжаттар құрайды. Ең алдымен, Ресей Федерациясының мемлекеттік архивынан (РФ МА) алынған архив істері (Карлаг басқармасының, санитарлық бөлімдерінің анықтамалары, есептері және басқа да іс жүргізу құжаттамаларының жазбалары), оның ішінде КСРО Ішкі Істер Министрлігінің (1930-1960 жж.) Қамау орындарының Бас басқарамысының Р-9414 қоры негізге алынып, пайдаланылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы архивының құжаттары ішіндегі (Қарағанды облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕК архивы), Қарағанды түзеу-еңбек лагерінің 16 қоры (Қарлаг) қарастырылып, зерделенді.

PDF (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сактаганова, З. 2025. КАРЛАГТЫҢ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАР КОНТИНГЕНТТЕРІ: 1930-1940 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.002.