Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТҮРКІ-МОҢҒОЛ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚҰРЫЛТАЙ ИНСТИТУТЫ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Жарияланған December 2025

6

6

алматинский технологический университет
Аңдатпа

Мақалада түркі-моңғол дәстүріндегі Құрылтай институтының тарихи-саяси маңызы мен оның ұйымдастырушылық ерекшеліктері қарастырылады. Құрылтай — ежелгі дала мемлекеттерінің саяси жүйесінде маңызды орын алған дәстүрлі кеңес формасындағы институт. Ол хан сайлау, әскери жорықтарға қатысты шешім қабылдау, ішкі және сыртқы саясатты айқындау, сондай-ақ тайпалар арасындағы өзара қатынастарды реттеу секілді аса маңызды мәселелерді шешетін алаң қызметін атқарған. Зерттеуде Шыңғысхан дәуіріндегі Құрылтайлардың империялық басқару жүйесіндегі рөліне, сондай-ақ Алтын Орда, Шағатай ұлысы және Қазақ хандығындағы тарихи сабақтастық дәстүрлеріне нақты тарихи мысалдар негізінде талдау жасалады. Автор Құрылтай институтын тек билік құру тетігі ретінде ғана емес, сонымен қатар ортағасырлық түркі-моңғол қоғамының консенсусқа негізделген басқару мәдениетінің көрінісі ретінде қарастырады. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалы, жүйелі, деректанулық және құрылымдық-функционалдық талдау әдістері қолданылған. Сонымен қатар, Құрылтайдың саяси мәдениеттегі орнына, дәстүрлі демократиялық элементтердің көрініс табуына және түркі-моңғол өркениетіндегі тарихи сабақтастыққа ерекше назар аударылады. Бұл зерттеу түркі-моңғол халықтарының саяси тарихын тереңірек түсінуге ықпал етеді және олардың дәстүрлі басқару жүйесінің эволюциясын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Әзімхан, Б., Джунусбаева, А. і Досекеева, К. 2025. ТҮРКІ-МОҢҒОЛ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚҰРЫЛТАЙ ИНСТИТУТЫ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.022.