Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ ДӘУІРІНДЕ ШАРИҒАТ НОРМАЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕГЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Жарияланған December 2025

0

0

Nur-Mubarak Egyptian University of Islamic Culture
Аңдатпа

Мәмлүк–қыпшақ кезеңінде Мысырда билік басына келген мәмліктердің өрлеуі ортағасырлық ислам кеңістігінде терең саяси әрі құқықтық өзгерістерге себеп болды. Үш ғасырға жуық уақытқа созылған олардың үстемдігі барысында мәмліктер сұлтандық мәртебеге көтеріліп, шариғатқа негізделген құқықтық жүйені мемлекеттік деңгейде орнықтыру арқылы қоғамның әлеуметтік құрылымына, басқару тетіктеріне және құқықтық қағидаттарына айтарлықтай ықпал етті. Осы зерттеудің басты мақсаты – аталған дәуірдегі құқықтық жүйеде шариғат нормаларының алатын орнын кеңінен ашып көрсету, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметін айқындау. Сонымен бірге «Иршад ал-Мулук ва-Салатин» атты трактатта көтерілген құқықтық мәселелерді талдай отырып, шариғаттық істерде ханафи мәзһабының ықпалын көрсету көзделеді. Зерттеу жұмысы шариғат қағидаттарының ортағасырлық құқықтық құрылымдарды қалыптастырудағы тарихи рөлін, сондай-ақ қазіргі ислам құқықтануындағы өзектілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл мақсатта нормалық-құқықтық, салыстырмалы, контекстуалдық, эмпирикалық, теориялық, дереккөздік және талдамалық әдістер кешенді түрде қолданылды. «Иршад ал-Мулук ва-Салатин» шығармасының құқықтық мазмұны жан-жақты сараланып, онда пайдаланылған ижма‘ (келісім) мен қияс (аналогия) тәсілдерінің үкім шығару, қоғамдық мәселелерді реттеу, экономикалық қатынастарды үйлестіру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудегі шешуші орны ерекше атап өтілді.

PDF (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Д., Е. і Т., К. 2025. МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ ДӘУІРІНДЕ ШАРИҒАТ НОРМАЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕГЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.009.