Мақалада мектепте тарих пәнін оқытуда жобалық оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік моделі қарастырылады. Жобалық оқыту – оқушылардың зерттеу, талдау, шығармашылық және командада жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи технология. Автор тарих сабағында жобалық әдісті тиімді пайдалану жолдарын, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мен сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мүмкіндіктерін сипаттайды. Жобалар арқылы оқушылар тарихи деректермен жұмыс істеуді, оқиғаларға баға беруді, өз пікірін дәлелді түрде ұсынуды және жобамен жұымс жасауды үйренеді. Әдістемелік модельде жобалық тапсырмаларды құрастыру, бағалау критерийлерін анықтау және сабақ құрылымын жобалау сияқты негізгі кезеңдер сипатталған. Мақалада нақты мысалдар мен тәжірибеге негізделген ұсыныстар берілген. Бұл зерттеу тарихты оқытудың сапасын арттыруға, білім алушылардың белсенділігін, шығармашылығын және жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Модель жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен болашақ педагогтар үшін әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Мақалада ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау жасау мен сауалнама әдісі кеңінен қолданылған. «Лайкерт шкаласы» негізінде қажеттілікті анықтау сауалнамасы алынып, нәтижесінде жобаның білім алушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылығын арттыруға ықпал ететіні дәлелденді.