Абстаркт.
Кеңестік билік тұсында тоталитарлық жүйенің жүргізген саясаттың салдарынан көптеген ұлттар Қазақ еліне еркінен тыс жер аударылды. Жазықсыз ұлттарды тұрғылықты жерінен күштеп жер аудару Сталиндік қуғын-сүргіннің құрамдас бір бөлігіне айналды. Совет елінде қабылданған түрлі қаулы-қарарлар мен құжаттарда шекаралық аймақтарды тазарту үшін республикаға көптеген ұлттар еркінен тыс күшпен көшірілді. Олар әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан түрлі қысымдарға ұшырап, ұзақ жылдар сталиндік репрессияның құрбаны болды. Осындай еркінен тыс жер аударылған көптеген ұлттар қатарында біздің зерттеуіміздегі гректер де болды. Жер аударылған гректердің қалыпты және бейбіт өмір сүру жағдайы өзгерді.
Депортацияға ұшыраған гректердің тарихын зерттей отырып, кеңестік биліктің жүргізілген озбыр саясаты арқылы бұрмаланған шындықты жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу өзекті. Бірнеше толқынмен депортацияланған гректердің соғыстан кейінгі жер аударылғандарының басым бөлігі Түркістан облысы аумағына қоныстандырылды. Мақалада өткен ғасырдың 30-40-шы жылдар Түркістан облысына депортацияланған гректердің жаңа жерде бейімделуіндегі ауыр тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы қарастырылады. Сонымен қатар Түркістан облысына және республика територриясына жер аударылған гректер мен олардың ұрпақтарының естеліктері арқылы оларды көшіру барысы, сенімсіз ұлттар ретінде ұстанған кеңестік саясат, қоныстандырылған жерге бейімделуіндегі жағдайлары қамтылды.
Түйін сөздер: Гректер, сталин дәуірі, жазаланған ұлттар, депортация, тоталитарлық жүйе.
Алғыс сөз Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Депортацияланған халықтардың әлеуметтік бейімделуіндегі отбасының рөлі (1930-1950 жж. (Түркістан облысы бойынша) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыру аясында орындалды. (жеке тіркеу нөмірі: AP26103859).
