Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ (АҚТӨБЕ ӨҢІРІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

Жарияланған March 2026

1

5

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Аңдатпа

Аңдатпа

Мақала Ұлы Отан соғысы жеңісіндегі Ақтөбе өңірінің  әйелдерінің рөлін көрсетуге арналған. Мәселе бойынша зерттеулерге тарихнамалық шолу жасай отырып, авторлар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономиканың басты салаларындағы әйелдердің жанқиярлық еңбектері мен қызметтерін қарастырған. Еңбек майданында түрлі кәсіптерді – бұрғылаушы, жөндеуші,  токарь, машинист, комбайншы, шахтер, паравозшы, тракторлар мен автомобильдердің жүргізушілері, есепшілер, дабылшылар болуымен бірге, әскери мамандықтарды – медбике, ұшқыш,  танкист, пулеметші, сапер, барлаушы,  тіпті мергендікті игерді. Авторлар, мақаланы жазу барысында  бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві қорларының құжаттарын, «Актюбинская правда» атты мерзімді басылым материалдарын, мемуарлық естелік деректерді кеңінен пайдаланған. Өлкедегі әйелдердің тылдағы еңбек үлесінің өсуін статистикалық деректер арқылы талдаған. Жекелеген аудандар бойынша савхоз, колхоздағы әйелдердің  ердлікке толы қызметтері сараланады. Сонымен қатар, мақалада түрлі өндірістік салаларында белсенділік танытқан «стахановшы» «әйелдердің  жұмысты ерлермен тең деңгейде  атқарғандығына назар аударады. Мәселені талдауда тарихи-хронологиялық, обьективтілік, жүйелілік қағидалары басшылыққа алынып  зерттелінген

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Еспенбетова, А. і Ганибаева, Ж. 2026. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ (АҚТӨБЕ ӨҢІРІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.002.