Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1930-шы ж. ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН

Жарияланған May 2021

91

89

Аңдатпа

Мақалада 1930-шы ж. Қазақстан жазушыларының күнделікті өмір салтының қалыптасу тарихы және жазушылардың өмірлік тәжірибесін, олар жүргізген өмір салтын өзіндік бағалауды ескерусіз түсіну мүмкін емес екендігі баяндалады. Зерттеушінің 1930-шы ж. Қазақстан жазушыларының күнделікті өмір салтының қалыптасу тарихын қарастыруы қарапайым адамдардың жеке басының тәжірибесі мен өзіндік мінез-құлқының алуан түрлерін тарихи тұрғыдан бағалуға бағытталған. Сонымен қатар мақалада Қазақстан жазушыларының күнделікті өмірінің материалдық-тұрмыстық жақтарын қалпына келтіру мәселесі талданған.
Отызыншы жылдар – советтік Қазақстан жазушыларының күнделікті өміріндегі елеулі өзгерістер кезеңі. Бұл өзгерістер көбінесе жазушылар ұйымдарын құрумен байланысты болды. Жазушылардың жаңа әлеуметтік жағдайы қалыптасты. Билік жазудың идеологиялық әлеуетін уақытылы бағалауға тырытсы және жазушыларға басқа кәсіби топтардың өкілдерімен салыстырғанда олардың күнделікті өмірінің ерекшелігін анықтайтын белгілі бір артықшылықтар бергенімен қадағалау, сын көзбен қарау басым болды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Отыншиева, Г. 2021. 1930-шы ж. ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).