Бұл мақалада белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның тұлға ретінде қалыптасуы, қоғамдық қызметі мен жазушылық шығармаларына талдау жасау арқылы зерттелінеді. Мақаланың мақсаты Ш. Мұртазаның өмір сүрген және қызмет еткен кезеңін кеңестік дәуір мен еліміз тәуелсіздік алуымен біртұтас қарастырып сол арқылы оның тұлғасын жан-жақты тереңірек таныту. Мақалада дерекөздер ретінде Түркістан облыстық қоғамдық саяси тарихи архивінің материалдары, Ресей Федерациясы Орталық мемлекеттік архиві материалдары және Шерхан Мұртазаның Жеке архивінен алынған материалдар негізге алынған. Мақаланы жазу барысында жүйелеу, сыни-талдау, баға беру, салыстырмалы-тарихи, логикалық талдау әдістері қолданылды. Ш. Мұртаза Кеңестік және Тәуелсіз Қазақстан сынды екі дәуірдің де куәгері ғана емес тікелей қоғамдық қызметімен де, шығармашылық еңбегімен атсалысқан тұлға, осы қос дәуірдің өкілі. Осыған орай Ш. Мұртазаның қоғамдық қызметіне әсіресе оның депутат кезеңіндегі қызметіне, мемлекетіміз алғаш тәуелсіздік алған тұстағы еліміздің мүддесі үшін жасаған күрескерлік қызметіне кеңірек тоқталуды қажет етеді. Өтпелі кезеңнің қоғамдық ортасындағы қарама-қайшылықтар Ш. Мұртазаның күрескер ретінде тұлғасын шыңдай түскен. Сонымен қатар Ш. Мұртаза ең алдымен көрнекті қазақ әдебиетінің өкілі жазушы болғандықтан оның кейбір шығармаларына оның тұлғасын жан-жақты ашу үшін талдаулар жасалынды. Мақалада Ш. Мұртазаның басшы ретінде әдеби қызметіндегі бүтін бір журналистік мектеп қалыптастырған ұйымдастырушылық қабілетіне де баға берілді. Сондай-ақ Ш. Мұртазаның Тұрар Рысқұловты халқымызға танытудағы орасан зор шығармашылық еңбегіне де шолу жасалынды. Мақалада Ш. Мұртаза тұлғасын кең көлемде жан-жақты аша отырып Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі өзгерістерге қоғам қайраткері әрі жазушы ретінде қосқан орасан зор үлесі сараланып, оның күрескерлік тұлғасы айқындалды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
әдеби, шығарма, депутат, тұлға, мақала, тарих, саясат, туған жер, рухы, шыншылдық, батылдық.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Р.Б. Ермаханова і З.О. Дүкенбаева 2025. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.031.