Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мысалында)

Жарияланған September 2025

0

0

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Білім берудің қазіргі даму кезеңінде ғылыми дүниетанымы мен функционалдық дағдысы бар шығармашыл, белсенді тұлғаны қалыптастыруға қойылатын талаптар артуда. Әрине, өмір бойы білім алуға қабілетті интеллектуалды, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мектептегі білім беру сатысынан басталады. Сондықтан Орта мектептегі білім беру процесі өмірлік қиын жағдайларда шешім табуға және алған білімдерін практикалық және шығармашылық қолдану дағдыларын дамытуға қабілетті функционалды тұлғаны дамыту үшін зерттеу бағытына ие болуы керек. Бұл мәселе көп қырлы және салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін көптеген критерийлерге ие. Ғылыми мәселенің бұлай қойылуы маңызды болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты – орта білім берудің нормативтік-құқықтық базасын салыстыру негізінде жалпы білім беретін мектепте зерттеушілік дағдыларды дамытуға салыстырмалы талдау жүргізу.

Зерттеу дағдылары – бұл жеке тұлғаны одан әрі оқытудың негізі болып табылатын, кез-келген міндеттерді кәсіби түрде шешуге және өмірде өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік беретін білім берудің диагностикалық нәтижесі. Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы идеяларға, мақсаттарға, нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жүргізілді, таным процесінде оқушылардың даму тетіктері анықталды. Бұл талдау қазақстандықтардың қазіргі заманғы буынының зерттеу дағдыларын дамыту нысанын жетілдіруге ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.Т. Жакупова, К.М. Рустем і А.Е. Саржанов 2025. ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 85, 1 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.023.