Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕҢЕС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК АХУАЛЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР МЕН ОҚЫТЫЛУ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланған July 2025

0

0

Alikhan Bokeikhan University
Аңдатпа

Кеңестер үкіметі Орталық Азияның мұсылман әйелдерінің ахуалын гендерлік реформа арқылы реттеуге ұмтылды. 1920 жылы Орталық Азияға билік орнатқан кеңестер әйелдердің діни-әлеуметтік және құқықтық мәртебелерін жаңадан қарастыратын шешімдерді қабылдады. Осы мақсатта гендерлік теңдікті реттейтін заңдық ережелер енгізілді. Бірақ, Кеңестер Одағының гендерлік саясаты жергілікті халықтың діни және салт-дәстүр ерекшеліктерін ескермеді. Осыған байланысты большевиктердің гендерлік реформасы жергілікті әйелдердің санасына толықтай еніп кете алмады. 1920 жылдары кеңестік әлеуметтік-шаруашылық реформаларына қарсы қозға-лыстар Орталық Азияның барлық жерлерінде стихиялық түрінде көрініс тапты. Большевиктер үкіметінің гендерлік теңдік саясатына қарсы қозғалыстар діни-әлеуметтік контексте жүзеге асты.

Кеңестік тарихнама мен әдебиеттерде 1920-1930 жылдардағы большевиктердің гендерлік саясатына біржақты баға берілді. Сонымен қатар, кеңестердің өңірде жүргізген кейінгі гендерлік ұстанымдары теориялық-әдіснамалық тұрғыда өзінің шынайы бағасын алған жоқ. КСРО тұсын-дағы оқулықтарда коммунизм әйелдердің бостандығын қалпына келтіруші қоғам ретінде сипатталды. Қазіргі зерттеулер кеңестік гендерлік тұжырымның кемшіліктеріне ақиқат пікір беруге ұмтылады. Сонымен қатар, бүгінгі оқыту жүйесіндегі бұл мәселенің тың көзқарастармен қарастырылу міндеті алға шығып тұр.

Бұл зерттеу жұмысында кеңестік дәуірдегі Орталық Азияның мұсылман әйелдерінің ахуалы-на тарихи баға берілді және теориялық көзқарастарға серпін беретін пайымдар ұсынылды. Сондай-ақ, бұл тақырыптың оқытылу жүйесіндегі тәсілдерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне талдау жасалынды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахметова Д.М., Жетібаев К.М. і Динашева Л.С. 2025. КЕҢЕС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК АХУАЛЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР МЕН ОҚЫТЫЛУ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.012.