Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Шығыс аймаққа депортацияланған халықтардың саяси, әлеуметтік жағдайы (1940-1955 жж.): Аннотация

Жарияланған December 2025

0

0

Казахский инновационный гуманитарно-юридический университет
Аңдатпа

Бұл мақалада шығыс өңірге өзге елдерден жер аударылып келген неміс, шешен, ингуш өкілдерінің әлеуметтік-тұрмыс жағдайы туралы баяндалады. Жер аударылған халықтар үкімет тарапынан бақылауда болды. Кәмелетке толмаған балалар ауыр еңбекке мәжбүрленді. Кейбір қоныстанушылар жұмыс таба алмай, күнкөріссіз қалды. Қаралып отырған кезең негізінен екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі кезең болуы себепті  жер аударылып келгендерді үкімет тарапынан да жиі тексеріліп, жауапқа алып  отырды. Мұрағат құжаттарында өзге ұлт өкілдерінің жүріп-тұруы, қайтыс болған жағдайда неден қайтыс болғандығы да жазылып, бақыланып отырғандығы көрсетілді.  Жер аударылып келгендер еңбек армиясына да тартылып, ал одан қашқандар қатаң түрде жазаланды. 1940 жылдың басында Қазақстанның Шығыс өңіріне келген қоныстанушылардың  еңбек коллонналарына жұмысшыларды еңбекке тарту мақсатында істер барынша жүйелі орындалып тұрды.  Қызмет барысында жұмысшылардың еңбек жалақылары берілмеді, қоныс аударып келген қоныстанушылардың тұрғылықты жері болмады, азық-түлік жетіспеушілігі туралы да осы тақырыпта қарастырылды. Өзге елден келіп қоныстанған халықтарды НКВД-дан тексеру жиі болып, оларды кейбір жағдайда тыңшы деп те айыпталған деректер бар. Сол себепті колхоз, совхоз басшылары олардың келіп орналасып, жұмыс жасауына да қарсы болып тұрды. Сондай-ақ өзге елден келген қоныстанушыларда дұрыс жағдайдың жасалмауы себепті жұқпалы аурулармен  ауырып, көп жағдайда үй жайларының болмағандығы  туралы да деректер ұсынылды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джакипова, Т. і Болатова, К. 2025. Шығыс аймаққа депортацияланған халықтардың саяси, әлеуметтік жағдайы (1940-1955 жж.): Аннотация. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.011.