Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӘБУСАҒИТ ЖИРЕНШИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАСПАХАНА ІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КІТАПТАР ТАРИХЫ

Жарияланған July 2025

0

0

alikhan bokeikhan university
Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл ғылыми-зерттеу мақаласында қазақ халқының тарихына қатысты әр кезеңдерде басылған кітаптар және оларды жарыққа шығарумен айналысқан баспаханалардың жұмысы туралы Әбусағит Жиреншиннің зерттеу еңбегі туралы жазылған. Қазақстан тарихына қатысты ХІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген қазақ кітаптары тарих ғылымы үшін өте маңызды мәселе болып табылады. Зерттеуде қазақ кітаптары, баспа ісіне қатысты архив деректері, жинақ материалдар және осындай құнды еңбектерді жинақтап жүйелеген Әбусағит Жиреншиннің еңбегі қарастырылған. Қайраткер Әбусағит Жиреншин қазақ елінің тарихына қатысты кітаптарды жинастыруда түрлі сапарларға шыққандығы, ел арасына этнографиялық экспедицияларға барып, құнды деректік материалдарды жинақтауы мен оларды ғылыми айналымға келтіруі ғылым саласына қосылған үлес екендігі анық. Бұл еңбек қазақ кітаптарының тарихы туралы алғашқы рет баспа бетінде жариялануымен құнды. Еңбектін ерекшелігі Орта Азия халықтарының өзіне тән көне жазуы, әдебиеті, бай мәдениетін және 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Россия мен Қазақстан көлеміндегі басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі және жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәліметтер беріледі. Сондықтан, қазақ кітаптарының тарихына байланысты Әбусағит Жиреншин атқарған қызметімен байланыстыра отырып қарастыру өте өзекті мәселе болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Малғаждар Д.Б. і Еңсенов Қ.А. 2025. ӘБУСАҒИТ ЖИРЕНШИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАСПАХАНА ІСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КІТАПТАР ТАРИХЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 84, 4 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.024.