Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАРИХИ ТАНЫМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА: Т. ОМАРБЕКОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҮНДЕСТІК

Жарияланған July 2025

0

0

КазНПУ
Аңдатпа

Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін гуманитарлық ғылымдарға тың тұрпаттағы міндеттер артылды. Соның ішінде партиялық-таптық, коммунистік идеялардың салтанатынан азат болған тарихтың ғылыми салмағын нығайтуда дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамының төл негізі мен ұлттық бірігейлігін қалыптастыру, өркениеттік көзқараспен жазу алдыңғы жолға қойылды. Осы тұста ХХ ғ. 80- жылдарынан бастап ұлттық прагматизм бағытында сүбелі зерттеу жолын бастаған тарихшы Талас Омарбеков отандық тарихтың обьективті реконструкциясын құру тенденциясын бастады. Посткеңестік сипатта тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан бағалауға күш салды. Зерттеудің мақсаты  аталмыш тарихшының мысалында  ұлттық сананың тарихи сабақтастағы рөлі мен төл танымды зерделеуге бағытталады. 

Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі  талғамы биік, тарлан тарихшы Талас Омарбековтің отандық тарихтағы тарихи танымның өзекті мәселелері мен ұлттық санадағы тарихи мұраттар жолындағы ғылыми қызметін жүйелеу және пайымдаумен өлшенеді.  

Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақ мемлекеттілігің этникалық бірегейлігін ұлттық  сана мен тәуелсіздік идеясы негізінде тарихи мәнін айшықтауға септеседі. Кеңестік көмескіліктен арылу жолында дербес ұлттық тарихнаманы құру үлкен тағдыршешті қадам. Сондықтан Т. Омарбековтің ұлттық-мәдени кодты негіздеудегі ұлттық таным проблематикасын өркениеттік, гуманистік, культтік-толеранттық тұрғыдан қоғам модернизациясына кіріктіру, дұрыс бағамдай білу айрықша маңызды болып саналады.     

Зерттеудің нәтижесінде  Ұлттық мүдде жолындағы тарихи таным үрдісінің бірқатар аспектілеріне көз жеткіздік, Ұлттық сана тұжырымдамасына тарихи пайым жасай алдық.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байдылда Ғ.Н. 2025. ТАРИХИ ТАНЫМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА: Т. ОМАРБЕКОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҮНДЕСТІК . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.031.