Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған July 2025

0

0

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы Қазақстандағы жаңа үлгідегі қазақ мектебін қалыптастырудағы ұлттық баспасөздің орны мен рөлі жан-жақты қарастырылады. Азамат соғысы мен ашаршылықтан кейінгі қиын кезеңде халықты жаппай сауаттандыру, оқу-ағарту ісін жолға қою маңызды мемлекеттік міндеттердің біріне айналды. Осы тарихи үдерісте баспасөз шешуші идеологиялық әрі ағартушылық құрал ретінде қызмет атқарды. «Еңбекші қазақ», «Қазақ тілі», «Қызыл Қазақстан», «Жаңа мектеп» секілді мерзімді басылымдарда оқу-ағарту мәселелеріне арналған мақалалар үздіксіз жарияланып отырды. Мектеп-коммуналар, курс жүйесінде мұғалім даярлау, жаңа әліпби енгізу, қыз балалардың білім алуы, оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың жай-күйі кеңінен талданды. Сонымен қатар баспасөз бетінде білім беру жүйесіндегі олқылықтар, мұғалімдердің кәсіби даярлығы, мектептердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі сияқты мәселелерге де сын тұрғысынан баға берілді. Мақалада қазақ зиялыларының ағарту саясатына қатысты ұстанымдары мен ұсыныстары тарихи деректер негізінде зерделеніп, баспасөздің оқу-ағарту саясатын жүргізудегі орны ерекше көрсетіледі.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Turlybai B.S. 2025. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.033.