Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ШЫМКЕНТ ПЕДТЕХНИКУМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған September 2025

0

0

South Kazakhstan Pedagogical University named after Ozbekali Zhanibekov
Аңдатпа

Мақалада Кеңестік Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы педагогикалық кадрларды даярлау және ұлтттық мектептердің қалыптасуы мен дамуының күрделі және қарама-қайшы жағдайларына талдау жасалынады. Сондай-ақ Шымкент қаласында кеңестік білім беружүйесінің дамып, «ұлттық педагогикалық кадрларды даярлау» мәселесінде өзіндік мол үлес қосқан Шымкент педтехникумының қалыптасу тарихы мен оқыту үдерісі, даму ерекшеліктері  мейлінше зерделенеді.

Ұлттық мектептерді ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізудегі жалпы қиындықтар оқушыларға өз ана тілінде білім беруде оқу-әдістемелік кешенінің нашарлығы мен аз қамтамасыз етілуі және оқу-материалдық базасының аздығы мен ұлттық педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі болды. 

Мақалада авторлар Қазақстанда кеңес өкіметі орнатылғаннан кейінгі жылдардағы Түркістан АКСР-гі ұлтттық оқу орындарының ашылуы мен қалыптасуындағы кеңестік білім берудің ұтымды тұстары мен кемшіліктерін көрсетеді.

Зерттеушілер Түркістан облысы мемлекеттік архивінің материалдарына сүйене отырып, Шымкенттегі оқу-ағарту ісінің дамуына, оның білім беру жүйесі мен оқыту тәжірибелеріне талдау жасап, педтехникумда қызмет еткен Жүсіпбек Аймауытұлы, Сейілбек Үсенов сынды ұлттың тұғырлы тұлғаларының тағдырына, олардың педагогикалық пайымдарына, сүбелі еңбектеріне де біршама тоқталып зерттейді және мұрағат қорларында сақталған өңіріміздегі сол кезеңдегі  білім беру мекемелері жайында мәліметтер береді.

        Сонымен қатар1920-1930 жылдардағы ұлттық мектептер проблемасы мен оны шешу жолындағы ұлт зиялыларының еңбектері және  Шымкент қаласы педтехникумы тұрғысындағы сол кезеңдегі беделді  мерзімді басылым – «Ақ жол» газеті материалдарынан да осы оқу орындарының басшылары, белді мұғалімдері туралы мұрағат құжаттарын маңызды дерек көзі ретінде  пайдаланады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қ.М. Шекербеков 2025. ШЫМКЕНТ ПЕДТЕХНИКУМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.033.