Мақалада 1920-1950 жылдардағы қазақ жазушыларының тарихи тұрмыс бейнесінің қазақ халқының тарихындағы осы қиын да күрделі кезеңін зерттейді. Бұл дәуір Кеңес өкіметінің саяси және идеологиялық қысымдарының күшеюімен, ұлттық тарихи мәдениетті сақтау мен дамыту талпыныстарымен ерекшеленді. Қазақ жазушыларының шығармашылығы тарихымызда халық-тың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік әділетсіздік пен саяси қысымдарды көрсету арқылы қоғамның рухани және материалдық күйін айқын бейнеледі. Дүрбелең тарихи кезеңде әдебиет пен идеологияның сабақтастығында жазушылар кейде цензура мен репрессияға ұшырады, бірақ олар өз туындылары арқылы ұлттың болмысын сақтап қалуға күш салды. Мақалада сол кезеңдегі жазушылардың шығармалары мен өмірі тарихи деректермен үндестіріліп, олардың қоғамдық рөлдері мен ұлттық санаға әсері талданады. Бұл зерттеу қазақ тариындағы әдебиеттің ұлттық және әлеуметтік мәселелерді көрсетуіндегі маңыздылығын ашады, сондай-ақ 20-ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби процестің тарихына жаңа көзқарас ұсынады. Мақала қазақ тарихындағы қазақ жазушыларының күресі мен шығармашылық, қоғамдық-әлеуметтік мұрасын түсінуде маңызды ғылыми негіз болмақ.
Сонымен қатар мақалада 1920–1950 жылдардағы қазақ жазушыларының шығармашылығы тарихи және әлеуметтік шындықтар аясында қарастырылады. Аталған кезең – Кеңес өкіметінің орнауы, сталиндік репрессиялар, ашаршылық және саяси-идеологиялық қысыммен сипатталатын қазақ халқының ең ауыр әрі күрделі дәуірлерінің бірі болды. Осы тарихи ахуал халықтың күнделікті өміріне, әлеуметтік жағдайына, ұлттық болмысына үлкен әсер етті. Қазақ жазушылары өз шығармаларында әлеуметтік әділетсіздік, таптық теңсіздік, отарлық қысым, ашаршылық пен қуғын-сүргін сияқты өзекті мәселелерді көркемдік құралдар арқылы бейнеледі. Әдебиет қоғамның рухани айнасына айналып, әлеуметтік шындықты жеткізудің маңызды тетігі болды. Мақалада жазушылардың қоғамдық рөлі мен олардың ұлттық сана қалыптастырудағы ықпалы терең талданады. Бұл зерттеу XX ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиеттің әлеуметтік мәселелерді көтерудегі маңызын ашып, әдеби мұраны қазіргі көзқарас тұрғысынан зерделеуге жол ашады.