Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЗАМАНЫНДА ХАЛҚЫНЫҢ ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ЗИЯЛЫ ТҰЛҒА – МҰХАМЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ ТАРИХИ БЕЙНЕСІ

Жарияланған July 2025

0

0

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мұхамед-Салық Бабажанов — қазақ халқының рухани өмірінде, ағартушылық қозғалысында өзіндік орны бар көрнекті зиялы тұлға. XIX ғасырда өмір сүрген ол тек өз дәуірінің емес, бүгінгі ұрпақтың да тарихи санасында айрықша із қалдырған қайраткер. Бабажанов қазақ қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси мәселелерін тереңінен түсінген, сол кезеңдегі халықтың көзін ашуға, білім мен мәдениетке үндеуге ұмтылған санаулы зиялылардың бірі болды.

Ол Ресей империясының саяси құрылымын, отарлық саясаттың шынайы сипатын жақсы білді және қазақ халқының мүддесін қорғау жолында қаламын қару етіп, бірнеше маңызды еңбектер жазды. Мұхамед-Салық Бабажановтың публицистикалық мұралары қазақ халқының тарихи-этнографиялық ерекшеліктерін, тұрмыс-салтын, әлеуметтік жағдайын шынайы бейнелеп, ғылыми негізде зерттеуге жол ашты.

Бабажановтың тұлғалық биігі оның халқы алдындағы адалдығы мен ағартушылық қызметінде көрініс тапты. Ол халықтың шынайы ықыласына бөленіп, өз заманының ұлт зиялысы деңгейіне көтерілді. Оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі қазақ қоғамының оянуына, ұлттық сананың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Бұл мақалада Мұхамед-Салық Бабажановтың өмір жолы, ағартушылық еңбегі мен тарихи мұрасы жан-жақты талданып, оның қазақ зиялылары арасындағы орнын ашып көрсету көзделеді.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Насыров Ғ.Х. 2025. ЗАМАНЫНДА ХАЛҚЫНЫҢ ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ЗИЯЛЫ ТҰЛҒА – МҰХАМЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ ТАРИХИ БЕЙНЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.028.