XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қызметіндегі қазақ батырларының өмірі мен мемлекеттік қызметі туралы объективті, дәлелді және нақты тарихи зерттеулерді жүргізу — кезек күттірмейтін мәселе. Зерттеу жұмысында хан Абылайдың әскери өнерінің әлемге танылуы-на ықпал еткен қазақ батырларының тарихи рөлі, Абылайдың сенімді сардары Қожаберген батыр Жәнібекұлының әскери-дипломатиялық қызметі мысалында қарастырылады. Мақаланы жазу батырлардың қазақ халқының тарихи тағдырын шешу жолындағы сыртқы саяси қызметі, Қазақ хандығының сол кезеңдегі ірі империялар мен Еуразияның басқа да халықтарына қатысты сыртқы саясаты туралы ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін бұл мәселеге объективті және тарихи тұрғыда ғылыми баға берілмеді. Сондықтан, бұл зерттеу мақаласы батырлардың ерлік жолы мен дипломатиялық қызметінің зерттелмеген кезеңдері туралы жаңа тарихи білімдерді жинақтауға жол ашады. Мақалада қазақ халқының әскери-саяси тарихында ерекше орын алатын Қожаберген батыр Жәнібекұлының әскери және дипломатиялық қызметі туралы деректер де талданады. Зерттеуде батырдың ел қорғау жолындағы ерлік істері, жоңғар шапқыншылығына қарсы ұйымдастырған күресі және қазақ жүздерінің бірлігін нығайту жолындағы әрекеттері қарастырылады. Сонымен қатар, Қожаберген батырдың көрші елдермен жүргізген бейбіт келіссөздері мен елшілік миссиялары тарихи деректер негізінде сипатталады. Автор батырдың тұлғасын тек әскери қолбасшы ретінде ғана емес, сонымен бірге көреген саясаткер әрі мәмілегер ретінде зерделеуді мақсат етеді. Зерттеу нәтижелері арқылы Қожаберген батырдың ұлттық бірлікті сақтаудағы және мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі жан-жақты ашып көрсетіледі.
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ЖӘНІБЕКҰЛЫ
Жарияланған July 2025
0
2
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
батыр, сұлтан, хан, дипломатия, әскер, ерлік, жоңғар, Цин патшалығы, шекара, сауда қатынастары.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оралова А.А. і Оспанова Р.Р. 2025. ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ЖӘНІБЕКҰЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.026.