Мақалада зерттеу нысаны ретінде Шәкәрім қажының өскен ортасы, туыстары жайлы деректер мен естелік материалдар қарастырылды. ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қиын-қыстау кезеңдерде Шәкәрім қажы шығармашылықпен ғана емес, қоғамдағы мәселелерге де араласып, тарих, дін, фәлсәфә, шежіре сынды салаларда қалам тербеткен. Оның жиған мол мұрасы, кітаптары мен философиялық ойлары ХХ ғ. басындағы зиялы қауымға рухани азық болды. Шәкәрімнің бұндай қабілет, қасиеттерінің қалыптасуында, ел арасында сөзге шешен болған бабалары мен нағашы жұрт, жақын туыстарының ықпалы болғаны сөзсіз. Мақалада Шәкәрімнің өскен ортасын зерделеу мақсатында, оның өзі жазып қалдырған материалдары кейінгі зерттеулермен қоса негізге алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа сай ауызша тараған деректер және профессор, А. Исиннің жеке қорында сақталған материалдар Шәкәрімнің өскен ортасын тереңірек түсіну үшін зерделенді. Шәкәрім Құдайбердіұлының фотосуреттерін, оның өзі қазған құдығы маңындағы заттай деректерді, сонымен бірге ұрпақтары жайлы мағлұматты тарихи салыстырмалы әдіс арқылы қарастыру және жақындарының есімдерін, олардың өмір жолы жайлы мәліметтерді топтастыру сияқты ғылыми ізденістер Шәкәрім болмысын туыстары тұрғысынан жаңаша қарауға мүмкіндік берді.
ШӘКӘРІМ ҚАЖЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫ (ЖАЗБА ЖӘНЕ ЕСТЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Исин, А.Р. Ботабекова і М.Г. Насыров 2025. ШӘКӘРІМ ҚАЖЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТУЫСТАРЫ (ЖАЗБА ЖӘНЕ ЕСТЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.028.