Өзбекәлі Жәнібеков – қазақ мәдениеті мен ұлттық мұрасын жаңғырту ісіне ерекше үлес қосқан көрнекті ғалым, этнограф және қоғам қайраткері. Оның ғылыми зерттеулері қазақ халқы-ның дәстүрлі мәдениеті, қолөнері, ұлттық киім үлгілері мен әдет-ғұрыптарын қамтиды. Сонымен қатар, ол тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында ауқымды жұмыс атқарды. Бұл мақалада Өзбекәлі Жәнібековтың тарихи-этнографиялық еңбектерін жан-жақты қарастырып, оның зерттеулерінің маңыздылығын, сондай-ақ оларды білім беру жүйесінде қолдану әдістерін талдаймыз. Ө. Жәнібеков еңбектерін оқу және оқыту ұлттық мәдениет, тарихи сана, өнер мен музей ісін түсінуге ерекше ықпал етеді. Оның зерттеулері қазақтың дәстүрлі мәдениеті, өнері, ұлттық киімдері, музыкасы, музей ісі және рухани мұрасы туралы терең білім береді. Өзбекәлі Жәнібековтің еңбектері – қазақ мәдениеті мен өнерін оқытудың құнды дереккөзі. Ол музей ісі, ұлттық қолөнер, дәстүрлі музыка, тарихи мұра және рухани құндылықтарды жаңғыртуда үлкен еңбек сіңірді. Оның ғылыми зерттеулері мен шығармалары білім берудің заманауи әдістерімен ұштасқанда, оқушыларға ұлттық мәдениетті жан-жақты меңгеруге көмектеседі. Ө. Жәнібеков еңбектерін оқыту – ұлттық мәдениетті жаңғырту мен оқушылардың тарихи-мәдени сауатын арттырудың тиімді құралы. Теория мен практиканы үйлестіре отырып, бұл еңбектер рухани тәрбиелеу, зерттеу дағдыларын дамыту және мәдени мұраны дәріптеу салаларында ерекше маңызға ие. Ө. Жәнібеков еңбектерін оқыту – қазақ мәдениетіне, өнеріне және тарихи мұрасына деген құрметті арттыратын тиімді, инновациялық және кешенді процесс. Бұл еңбектерді теориялық, практикалық және цифрлық оқыту әдістерімен ұштастыру арқылы оқушылардың тарихи-мәдени білімін байытып, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға болады. Мақалада Жәнібековтың этнографиялық зерттеулерін мектеп және жоғары оқу орындарында оқытудың тиімді әдістері ұсынылады. Әсіресе, оның «Этнографиялық мұра», «Қазақ киімі», «Жолайырықта» және басқа да еңбектерінің мазмұнын оқу бағдарламасына енгізу жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті әдістер – архив құжаттарымен жұмыс, визуалды материалдарды пайдалану, далалық зерттеулер мен жобалық жұмыстар арқылы зерттеу тәсілдері ұсынылады. Зерттеу барысында Ө. Жәнібековтың этнографиялық мұраларын оқытуда қолдануға болатын әдістемелік ұсыныстар беріледі. Бұл материалдар оқушылар мен студенттердің ұлттық мәдениет-ке деген құрметін қалыптастыруға, тарихи-этнографиялық зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мақала ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен сақтау ісіне білім беру арқылы үлес қосуды көздейді.
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТЫҢ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған July 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абилаханова А.М. 2025. ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТЫҢ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.013.