Мақалада ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Батыс Сібір қазақтарының жылқы ұрлығы мәселесі патша үкіметінің жаңа құқықтық базасы аясында қарастырылады. Қазақтардың жылқы ұрлығы және олардың жолын кесу шараларына деген патша өкіметінің көзқарасы және қазіргі тарих ғылымындағы «жылқы ұрлығы» және «барымта» ұғымдарының анықтамасына ерекше көңіл бөлінеді. Ішкі қазақтардың құқықтық мәртебесінің белгісіздігі, XIX ғ. бірінші жартысындағы бірқатар ұлт-азаттық қозғалыстар аясында Тобыл және Томбы губерниялары қазақтарында өз басқармасының болмауы, сібірлік жерлеріне орналасып жатқан шаруалардың қоныстандыруына кедергі жасау үшін ішкі қазақтар тарапынан қолдау тапқан дәстүрлі жылқы ұрлығының күшеюіне әкелді. Жылқы ұрлығына қарсы күрес XIX ғ. 50-70 жж. жүргізілді және қоныс аударуды болдырмау мақсатында қазақтардың жаңаесілдік желісіндегі христиандыққа және шаруалар тобына айналуы байқалған аймақтарда өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Осындай мәселелерге байланысты мақалада жазбаша деректер мен тарихи зерттеулер негізінде Ертістің ішкі жағында көшіп-қонып жүрген қазақтар тарапынан жылқы ұрлығының күшеюінің себеп-салдарын айқындалды.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА БАТЫС СІБІР ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛҚЫ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Ресей империясы, «жылқы ұрлығы», «барымта», Батыс Сібір, қазақтарды көшіру, шаруаларды қоныстандыру, патша жарлығы, губерния.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Купенова Г.Ы. 2025. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА БАТЫС СІБІР ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛҚЫ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.005.