Мақалада ХХ ғасырдың ортасындағы Сталин режимінің саяси репрессияларының нәтижесінде бірқатар халықтардың арнайы қоныс аударуға ұшырауының тарихи аспектілері зерттеледі. Арнайы қонысаудару құбылысының КСРО-ның әр түрлі аймақтарындағы этникалық топтардың тағдырына тигізген ауқымды және трагедиялық әсеріне баса назар аударылады. Зерттеу тақырыбының маңыздылығы оның тарихи құндылығымен және өткеннен алынған сабақтарды түсіну қажеттілігімен негізделеді. Мәжбүрлі қоныс аударудың себептері мен салдары өзара байланысты құбылыстар болып табылады. Кеңес Одағындағы, оның ішінде Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы жаппай арнайы қонысаударулар Сталин режимінің шекара маңындағы этностарды ықтимал қауіп ретінде қабылдауымен түсіндіріледі. Осыған байланысты, ұлттық сепаратизмнің алдын алу және этникалық топтардың ықпалын шектеу мақсатында күштеп қоныс аудару саясаты жүзеге асырылды. Аталған саясат КСРО-ның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету және сыртқы қатерлерден қорғану стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылды. Бұл зерттеудің келесі бөлімінде арнайы қонысаудару құрбандары болған этностардың қазіргі ұрпақтарының Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) әлеуметтік-экономикалық жағдайы және олардың аймақтың дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Аталған топтардың жергілікті экономикаға интеграциялану деңгейі, олардың кәсіпкерлік қызметі, білім беру көрсеткіштері және өңірдің әлеуметтік-мәдени өміріне қатысуы талданады.
ОҚО ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ҚОНЫСАУДАРУШЫЛАР ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сенгирбаева, З. і Б.Р. , Н. 2025. ОҚО ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ҚОНЫСАУДАРУШЫЛАР ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 86, 2 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.023.
