Әлеуметтік медианың ықпалы – қазіргі заманғы саясаттағы жаңа үрдіс болып табылады. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік медианың саяси белсенділіктің өсуіне арналған алаңға айналуына байланысты. Мақалада әлеуметтік медиа саяси кеңістікте тиімді пайдаланылуы мүмкін жаңа технология ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде мемлекеттік саясатты қалыптастыру жолдары көрсетілген. Әлеуметтік медиада ақпарат беру және алу ерекшеліктері зерттеледі. Саяси көшбасшылардың имиджін, олар көздеген мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру және ілгерілету қажеттілігіне талдау жасалады. Әлеуметтік медианың өсуі саяси коммуникацияны жаңа деңгейге көшіре отырып, жүзеге асыру тәсілін өзгертті. Саяси көшбасшы немесе саяси партияның ғаламтордағы коммуникациясын ілгерлету мақсатында веб-сайттардың мәні ашылады. Әлеуметтік медиаға негізделген саяси қызметтің тиімділігіне ерекше назар аударылады.
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИАНЫҢ САЯСАТПЕН БАЙЛАНЫСЫ: АҒЫМДАҒЫ КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Жарияланған May 2021
410
197
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кутбанбаева, И. 2021. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИАНЫҢ САЯСАТПЕН БАЙЛАНЫСЫ: АҒЫМДАҒЫ КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.32.