Қазақ халқының мәдениетінде музыканың өзіндік ерекше орын алатынын барлығымыз білеміз. Музыка қазақтардың дүниетанымының ерекше түрі ғана емес, ол өзінің функционалдылығында қаншалықты қасиетті болса, ол сондай-ақ қоғамдық өмірдің белгілі бір реттеушісі бола білді.
Қазақстандық қоғамның қалыптасуы мен даму процесін түсінуде ұлттық мәдениетті одан әрі дамыту, оның теориялық атап айтсақ тарихи, мәдениеттанулық талдау негіздерін әзірлеу өте маңызды. Кез-келген қоғамның анықтаушы сипаты - бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оның рухани мәдениетінің ерекшелігінде. Ал оның негізі өнердің тарихи және эстетикалық категориялары болып табылады. Бұл тұрғыда театр әр түрлі өнер түрлерін синтездейтін мәдениеттің эпицентрі болып табылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тілде сөйлейді және өзіне ғана тән экспрессивті құралдарға ие болады.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнері ғасырлар бойы қалыптасып, бай мұраға ие болды. Бұл мұраның ішінде сал-серілер дәстүрі ерекше орын алады, себебі олар қазақтың музыкалық театрының дамуына негіз болды.
Тұрақты көшпенділік жағдайында ауызша-поэтикалық және музыкалық дәстүрді ұстаушылардың шығармашылығында қазақ театр өнері қалыптасып, барынша толық көрінді деп санаймыз. Олардың шығармашылығы қазақ театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін өзіне шоғырландырған халық өнерінің өзіндік шыңы және қазіргі заманғы театрдың бастауы болды.

