Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ДОКУМЕНТЫ СТЕПНОЙ КОМИССИИ: ОБОСНОВАНИЕ РЕОРГАНИЗАЦИИ УПРАВЛЕНИЯ ЗАПАДНО-СИБИРСКИМ КРАЕМ: ДОКУМЕНТЫ СТЕПНОЙ КОМИССИИ: ОБОСНОВАНИЕ РЕОРГАНИЗАЦИИ УПРАВЛЕНИЯ ЗАПАДНО-СИБИРСКИМ КРАЕМ

Жарияланған July 2025

0

0

КазНПУ им. Абая
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Абенов Д.К.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасы, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Аңдатпа

Аңдатпа. Ресей империясы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында қазақ даласының оңтүстік территорияларын жаулағаннан кейін, өлкеде бір ыңғайға келтірілген орыстық әкімшілік жүйені енгізу мақсатындағы әкімшілік реформаларды жасақтауға кірісті. 1865 жылдың 2 ақпанында қазақ даласын басқаруға қатысты жаңа жобаны жасақтау мақсатындағы арнайы «Қырғыз далалық комиссиясы» құрылды. Комиссия құрамына Ішкі істер министрлігінің және генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Комиссияның екі жылдан астам жұмысы нәтижесінде 1867 жылы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереженің, 1868 жылдың басында Орынбор және Батыс Сібір өлкелері далалық облыстарын басқару жөніндегі Ереженің жобалары дайындалды. Жобалармен бірге Далалық комиссия тарапынан Ережелерге қатысты «Түсіндірме жазба» жасақталды. Бұл құжаттарды Ішкі және Сыртқы істер министрлері мен генерал-губернаторлар мақұлдады.

Мақалада қазақ даласында қоғамдық өмірдің негізгі салаларын реттейтін жаңа заң қабылдау қажеттігін негіздеген «Түсіндірме жазба» талданады. «Түсіндірме жазбадағы» империялық биліктің қазақ даласын саяси, экономикалық, рухани меңгеру мақсатындағы саясатына қатысты Комиссия мүшелерінің дәйектері, пікірлері мен қорытынды ойлары реформа баптарымен салыстырыла сарапталады. Мақаланың зерттеу нысанына сай, 1868 жылғы Ереженің Батыс Сібір өлкесіне қатысты баптары талданады. Қазақ өлкесінің құқықтық мәртебесін өзгерткен, өлкені Ресей империясының түпкілікті отарына айналдырып берген 1868 жылғы Ереже мазмұнының «Түсіндірме жазба» арқылы негізделгені дәлелденеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абенова Б.С. і Абенов Д.К. 2025. ДОКУМЕНТЫ СТЕПНОЙ КОМИССИИ: ОБОСНОВАНИЕ РЕОРГАНИЗАЦИИ УПРАВЛЕНИЯ ЗАПАДНО-СИБИРСКИМ КРАЕМ: ДОКУМЕНТЫ СТЕПНОЙ КОМИССИИ: ОБОСНОВАНИЕ РЕОРГАНИЗАЦИИ УПРАВЛЕНИЯ ЗАПАДНО-СИБИРСКИМ КРАЕМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 85 (Лип 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.85.2.020.