Мақалада Қазақстандағы 1920–1930 жылдардағы панасыз балалар тарихын зерттеудегі проблемалар мен бағыттары көрсетіледі. Тақырып - мәселенің зерттелу деңгейін және зерделенбеген тұстарын айқындау тұрғысында өзекті. Тарихнамалық талдау отандық тарих ғылымынан советтік және тәуелсіздік кезеңдерінде 1920–1930 жылдардағы пансыз балалар тарихы біршама зерделенген еңбектердің орын алғандығын көрсетеді. Бұл зерттеулерде 1921–1923, 1931–1933 ашаршылық жылдарындағы қорғансыз балалардың пайда болуы, олардың аштықтан қырылуы, көршілес елдерге ата-аналарымен бірге босып кетуі, жұқпалы індеттің құрбандарына айналуы, қылмыс әлеміне кіруі, мемлекет пен қоғамның панасыздыққа күресі үстірт көрініс тапқан. Совет Одағында «елде панасыз балалар жойылды, енді мұндай әлеуметтік құбылыс жоқ» деген жасанды тұжырымға сәйкес ондаған жылдар бойы қорғансыз балалар тарихы арнайы зерттеу нысанына айнала қоймады. Балалар панасыздығы 1920–1930 жылдары айтылып, олармен күрес күн тәртібіне шығарылды. Ғылымда ана мен баланы қорғау проблемаларын зерделеуге басымдылық берілді. Тек тәуелсіздік жылдары тарихшылар бұл мәселеге назар аудара бастады. Осы кезеңде зерттеулердің қатары көбейіп, олардың деректік базасы кеңейді. Отандық ғылымда көбінесе елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың, ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргіннің балалардың өміріне әсері турасында зерттеулер жарық көрді. Қорғансыз балалар тарихы арнайы қарастырылған бірлі-жарым еңбектер де бар. тарихи таным, методологиялық ұстанымдар бойынша тың ғылыми тұжырымдар жасалды. Тарихшылар панасыз балалар ұғымына, оны қайта қарау мәселесіне тоқталған. Жаңа Шетелдік тарихнамада мәселе СССР-дағы балалар үйлерінің астарында қарастырылды. Соңғы жылдары ғана аштық, саяси қуғын-сүргіннің балалар тағдырына әсері көрсетілген зерттеулер дайындалды. Өзбек, қырғыз тарихшылары қазақ балаларының аталған елдерге босып келуі, аш босқындардың ауыр жағдайын қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек қатынастарының ауқымында зерделеді. Ғылымда Қазақстандағы 1920–1930 жылдардағы пансыз балалар тарихының тарихнамасы толыққанды талданбаған. Қорғансыз балалар туралы зерттеулер қатарының көбеюі және деректердің қолжетімді болуы мәселені терең әрі кешенді түрде зерделеу қажеттілігін байқатады. Ұлт зиялыларының қорғансыздықпен күрестегі ұстанымы мен қызметін, көршілес елдерге босып кеткен балдырғандар мен балақайлардың тағдырын, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы қасіретті тіршілігін, қылмысы және оған қарсы күресті ғылым және уақыт талаптары тұрғысынан зерделеудің маңызы зор.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1920–1930-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Жарияланған March 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мухатова, О. 2025. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1920–1930-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 83, 3 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.84.1.014.