Мақалада XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қатынастарының дамуы талданады. Қазақ-орыс дипломатиясының ерекшеліктері оның билеушілерінің белсенді және салмақты сыртқы саясат пен дипломатиясын жүзеге асыруда жатыр. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы әсіресе XVI ғасырдың ІІ жартысынан бастап, Орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастары орнағаннан кейін өсті. Дипломатиялық байланыстар біршама өз деңгейіне жетіп, Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы барыс-келіс XVIІ ғасырдың екінші жартысында кең өріс алды. XVIІІ ғасырдың 30-жылдарының басында Қазақстанның Ресеймен байланысты нығайтуға ұмтылысы күшейе түсті. Мұның басты себебі көрші мемлекеттердің басқыншылық әрекеттерінің артуы болған болатын. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қатынастары тарихын талдай отырып, әлі деп көптеген қырлары зерттелмегендігіне тоқтала отырып, көптеген ашылмаған беттер бар екендігі, әлі де көптеген мұрағаттық құжаттарды зерттеу қажет екендігі айтылған.
ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ XVI ҒАСЫР МЕН XVIII ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДАМУ ТАРИХЫ
Жарияланған May 2021
147
127
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қайыркен , Ә. 2021. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ XVI ҒАСЫР МЕН XVIII ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДАМУ ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).