Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӘУЛИЕАТАДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУІ

Жарияланған March 2025

0

0

ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Мақаламызда Әулиатадағы тарихи ескерткіштерге шолу жасау, ескерткіштер түрлеріне кесене-лерге қарай  талдау жасауға тырысамыз. Сондай-ақ, мәдени мұраны сақтау және насихат-тауға қо-сылған үлесінде көрінеді. Әулиеатаның археологиялық ескерткіштері, тарихи орындары және мә-дени дәстүрлері ұмытылмас мұра болып табылады, оны зерттеу және танымал ету ұлттық тарихтың байлығы мен көпқырлылығын ашады. Бұл, өз кезегінде, ұлттық мәдениеттің нығаюына ықпал етеді.

Қазіргі замандағы қоғамның өркендеуі және технологиялық даму жағдайында мәдени мұраны сақтау және оны цифрландыру арқылы жеткізу Әулиеата сияқты тарихи қалалардың маңызын одан әрі арттырады және тарихи мұраға деген құрметпен қарауға және оның қоғамдағы рөлін түсінуге тәрбиелейді. Осы тұрғыда Әулиеата қаласының кесенелерінің салыну туралы салысты-рылады. Тараз-Талас атауы  тарихымызда алар орны ерекше. Екі мың жыл бұрын қала қаланып, Батыс Түрік қағанаты  құрылып, бүкіл түркі әлемі ислам дінін қабылдап, ғылым мен мәдениеттің ордасына айналды. Талас шайқасы сынды тарихи оқиғалар орын алған, Қазақ хандығының іргесі қаланған, Шығыстың әлемге әйгілі Фирдоуси, Рудаки сынды ақындарының шығармашылығына ұйытқы болған киелі шаһарға тағзым етеді. Халқымыз оны «Әулие ата» деп атаған.

Мақаламызды дайындау барысында тарихшылар мен археологтардың еңбектері негізге алынды. Еңбегіміздің  жазу тарихи мәдени ескерткіштердің қалыптасуында маңызды рөл ойна-ғандығын және Әулиата қаласының өз орны бар екендігін нақты деректермен жеткізу.   

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Н.Н. Ақпанбет і Н.Е. Сайлаубаева 2025. ӘУЛИЕАТАДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 84 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.84.1.018.