Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ РУХАНИ -МӘДЕНИ ӨМІРІ

Жарияланған December 2024

31

31

НАО "Университет им Шакарима г.Семей"
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты бойынша Моңғолияда өмір сүріп отырған қазақтардың рухани өмірі мен мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің сақталуы мен өзгерісіндегі саяси, әлеуметтік-мәдени факторлар айқын-далып, халық мұрасының ұрпақтар арасындағы сабақтастығына жан-жақты талдау жасалынады.

Моңғолиядағы  қандастарымыздың бір бөлігі түп қазығы сол аймақтан өрбіп, жүздеген жылдар бойы мекендесе, бір бөлігі кеңестік кезеңде қоныстанған. Қазақтардың рухани мәдениетіндегі көрсеткіштерін салыстырмалы талданады.

Баян-Өлгей аймағы тұрғындарының жалпы білім беру ісі, орта және жоғары білім алу деңгейі бойынша мәліметтер талданып,  аймақтағы  орта, арнаулы және жоғары білімі бар мамандардың қалыптасу үлесі айқындалған.. 

Тарихи Отанынан шалғайда өмір сүргенімен қазақы мәдениетті, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңірген олардың төл мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған тұстарын толықтыруға, жандандыруға өзіндік қосар үлестері мол.  Қазақстан қоғамының бүгінгі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері этникалық қазақтар үшін тарихи Отанның әлеуметтік-мәдени кеңістігі белгілі бір бейімделу проблемаларын туындатып «өзге мәдени ортаға» айналып отыр.

Моңғолияда мекен етіп жатқан қазақтардың төл мәдениетін сақтауда:  тілінің, білім беру жүйесінің, саханалық өнері мен ауыз және жазба әдебиетінің алатын орны ерекше.  Қобда қазағының  ішінде өмір сүріп сол халықтың ұлттық мәдениетін сақтап қалуда жоғын жоқтап, жырын жырлаған тұлғалар қазақ әдебиет саласының дамуына зор үлес қосты.   Өзге халықтар дүниесінде жүрген қазақ диаспорасының күнделікті өміріндегі ұлтқа тән болмысымен мәдени мұраларымен жалпы ұлттық идеяны қалыптастыруға қосатын әсерін зерттеудің маңыздылығы бар.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тoкишкaдыpoв Б. і Л.С. Динашева 2024. МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ РУХАНИ -МӘДЕНИ ӨМІРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.032.