Халық арасында Қарамерген есіміне қатысты аңыз бен ертегі бар. Аңыз «Қабылисаның түс көруі» деп аталады. Ал ертегідегі кейіпкер Қарамерген де ертегінің тақырыбындай «Қарамерген» деп баршаға ұсынылған. Бұл жазылған мұралар бүгінгі зерттеу жұмысы барысында тарихи зерттеуді, зерделеуді қажет етіп, аңыздың басты кейіпкері Қарамерген және аңыздың ішіндегі басқа да Қабылиса жырау, Бопау батыр, Алпысбай болыс, Тезекбай шырақшыларға шежірелік зерттеу негізінде шынайы кейіпкер ретінде анықталып, «Қарамерген» ертегісімен ұқсастықтары бар екендігі де дәлелденді. Халықтың рухани мұралары мұрағат құжаттары бойынша зерттеліп, шежіре қайта түзіліп, олардың ұрпақтары бүгінгі күнге дейін бар екендігі нақтыланды. Мұндай тарихи және этнографиялық зерттеу дәлелдемелерді жариялау бүгінгі уақыттың негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Мұрағат қойнауында сыр шертіп жатқан құжаттарды, ауызша айтылған тарихты, шежірені және олардың ұрпақтарымен тікелей және кері байланыстар жасау қажеттігі мен талаптары сөз етеді.
Аңыз бен ертегіні байланыстыра зерттеу ХІХ ғасырдағы қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов еңбектері мен қазақ өлкесінде этнографиялық, археологиялық зерттеулер жүргізген Н.Н. Пантусовтың жариялаған еңбектеріне негізделді. Қарастырылған мәселе тек қана кейіпкерлердің шежіресі, мұрағаттағы құжаттық дәлелдемелермен ғана емес, сонымен қатар территориялық, аймақтық мәселелері де ескерілді. Аңыз бен ертегінің негізгі хронологиялық зерттеу шеңбері ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегі қарастырылған. Ал шежірелік зерттеу тұрғысынан алғанда XV ғасырдан бастап бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды. Аңыз бен ертегіні зерттеудің нәтижесінде оның шынайылығы мен оқиғаның үйлес-пейтін тұстары анықталып, аңыздың шынайы оқиға, тарихтағы ақиқаттылы көрсетілді. Олардың ұрпақтары шежіре арқылы куәгерлер екендігі де дәлелденді.
Аңызды зерттеу барысы «ДӘУЛЕТБАЙ» ата ұрпақтарының шежіресін жазуды мәжбүр етті. Онда Қабылиса (Қабан) жырау шежіресін қайта қарастырып, оның ұрпақтары мен тікелей және кері байланыстар жасау арқылы бірнеше рет тексерістерден өткізіп, бірнеше зерттеулер жүргізіп, 2024 жылы қазақ, ағылшын және орыс тілінде арнайы кітап жазылып, жарық көрді.