Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН КАВКАЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ

Жарияланған March 2025

79

36

Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави (МКТУ им. Х. А. Ясави
Аңдатпа

Ғылыми мақалада ХХ ғасырдың 30–50 жылдары  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (әрі қарай – КСРО, Кеңес Одағы) мемлекет және коммунистік партия басшылығының бұйрығымен жүзеге асқан ерікті көші-қон мен мәжбүрлі депортация салдарынан зардап шеккен халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен құқықтық мәртебесі жан-жақты зерттелген. Зерттеу барысында Кавказ аймағының тұрғындары бастан кешірген қиындықтар ғылыми тұрғыда талданып, тақырыптың өзектілігі негізделді. Мақаланы жазу кезінде тарих ғылымының негізгі қағидаттары мен әдістері басшылыққа алынды. Зерттеудің объективтілігі, толыққандылығы, жүйелілігі және нақтылығы қамтамасыз етіліп, аналитикалық және салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, тарихи құжаттарды сипаттау және талдау мақсатында материалдарды кезеңдерге бөлу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің дереккөздік базасы ретінде ХХ ғасырдың 30–50 жылдарындағы Кеңес Одағының статистикалық мәліметтері, мұрағат құжаттары және ғылыми еңбектер қолданылды. Әдіснамалық негіз ретінде депортацияның әлеуметтік-экономикалық жағдайға және азаматтық құқықтарға тигізген әсерін зерттеу барысында кешенділік, жүйелілік және объективтілік ұстанымдарына сүйенген салыстырмалы талдау әдісі алынды. Зерттеудің негізгі мақсаты – депортацияға ұшыраған Кавказ халықтарының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәртебесіндегі эволюциялық өзгерістерді анықтау. Бұл мақала зерттеушілерге депортация мәселесін ғылыми тұрғыдан қарастыруға бағыт-бағдар береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джалилов А.М., Шашаев А.К. і Мулдахметова Ж.И. 2025. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН КАВКАЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 84 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.84.1.011.