Мақалада соғыстан кейінгі идеологиялық науқандар жағдайында кеңестік тарих ғылымының дамуы мен космополитизмге қарсы жүргізілген күрес мәселелеріқарастырылады. Кеңестік тарихнаманы агрессивті идеологиялық қысымның салдары ретінде қарастыру шектеулі түсінік қалыптастырып, нақты тарихшылардың кәсіби және жеке өміріне әсер етті. Соғыстан кейінгі кезең, әсіресе «соңғы сталинизм» (1945-1953) Кеңес жүйесінің тұрақтылығы мен КСРО-ның халықаралық аренадағы мәртебесімен тығыз байланысты болды. Мақсаты мен міндеті. Зерттеу мақалысының басты мақсаты Соғыстан кейінгі кезеңдегі кеңестік тарих ғылымының дамуын, идеологиялық науқандардың тарихшыларға және ғылыми зерттеулерге әсерін тереңінен зерттеуді көздейді. Мақалада идеологиялық қысымның тарихнама, ғылым және мәдениетке тигізген әсері, сондай-ақ «соңғы сталинизм» кезеңіндегі тарихи дискурстың өзгерістері мен тарихшылар арасындағы кәсіби бәсекелестікке қатысты күрделі әлеуметтік және саяси факторлар талданады. Нәтижесі. Зерттеу тарих ғылымының методологиясы мен объективтілігін, сондай-ақ түрлі көзқарастардың қалыптасуындағы маңыздылығын көрсетті. Бұдан басқа, бұл зерттеу кеңестік тарих ғылымының ерекшеліктері мен шектеулерін анықтап, тарихи білімнің дамуындағы және ғылыми қауымдастықтағы идеологиялық қысымның әсерін терең түсінуге мүмкіндік берді.
КОСМОПОЛИТИЗМГЕ ҚАРСЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕҢЕСТІК ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛЫ
Жарияланған September 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Н. Токашева, Д.С. Қожабеков і А.З. Жуманова 2025. КОСМОПОЛИТИЗМГЕ ҚАРСЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕҢЕСТІК ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 86 (Вер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.86.3.013.