Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ БИІК ҮЛГІСІ САНАЛАТЫН ҚОЖАН БАТЫР

Жарияланған December 2024

18

29

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығы
Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ-жоңғар соғысы кезеңіндегі Қожан батырдың ерлігі мен патриотизмін зерттей отырып, оның тарихи тұлғасын тереңінен ашу мақсат етілген. Қожан батырдың қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығын қорғаудағы үлесі, сондай-ақ оның әскери тактикасы мен батырлар институтының қоғамдағы рөлі ерекше талқыланады. Батырдың тарихтағы орны мен қазақ патриотизмінің қалыптасуына қосқан үлесі қарастырылады.

Қожан батырдың тікелей ерлігімен қатар, оның отбасылық тарихы мен ата-бабаларының жауын-герлік дәстүрлері де маңызды орын алады. Мақалада Қожан батырдың әкесі Жұмық, атасы Байжігіт, сондай-ақ ұлдары Тілеумет, Қабаш, Есенқұл жайлы да мәліметтер келтіріледі. Бұл деректер батырлардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жауынгерлік және патриоттық рухын көрсетеді. Жауынгерлік ерліктері бүгінгі ұрпаққа патриотизмнің асқақ үлгісін ұсынады, ал олардың жауынгерлік құндылықтары қазақ қоғамындағы ерліктің, елдіктің және бірліктің негізі болып табылады.

Бұл зерттеу Қожан батырдың жеке тұлғасын ғана емес, қазақ қоғамының тарихи жауынгерлік дәстүрлерін, әскери ерлік пен ұлттық сананың қалыптасуын да назарға алады. Әсіресе, қазақ-жоңғар соғысы кезіндегі батырлардың рөлі мен елдің тәуелсіздігін қорғаудағы қажырлы күресі қазіргі ұрпақ үшін маңызды тарихи сабақ болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Б.Ш. Шуршитбай, Р.С. Чекетаева і М.Ш. Тарлаубай 2024. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ БИІК ҮЛГІСІ САНАЛАТЫН ҚОЖАН БАТЫР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.029.