Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған September 2024

34

33

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Мақалада бала құқықтарын қорғауға құқықтық талдау жасауды негізгі мақсат етіп қояды. Қоғамдағы зорлық-зомбылықтан балаларды қорғаудың қарастыра отырып, білім беру мекемелеріндегі бала құқықтарының толық қанды қорғалу мәселелері кеңінен қарастырылады. Бала құқығын қорғауда педагогтардың рөлі ерекше көрінеді, себебі, болашақ ұрпақтың қоғамдағы ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне, мәдениетті және рухани дамуы жағынан орта қалыптастырып, білім мен тәрбие беруде негізгі тұлға болып танылады. Сондықтан да бала құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау мақсатында бала құқығы жүйесі мен білім беру жүйесін біріктіріп қарау керек. Бізде қай дәуірдің мамандары болсын, баланы қанша жастан адам құқықтарымен таныстыру керек деген сұрақты  алдарына қойған емес, дамыған елдер де Бала құқығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының негізгі құжат екенін саналарына құйып, өзгенің баласы емес өз баласына қатігездік танытудың  жауаптылығының жоғары болатындығы бекітілгенін кез-келген азамат мойындайды. Аталған мақалада осы мәселелерге ерекше назар аударылады.

Мектептің құқықтық кеңістігін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі білім беру процесіне барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру болып табылады.

Оқушы құқықтары мен міндеттері педагогикалық мәдениеттің демократиялық типіне тән белгілердің бірі болып табылады. Білім беру мекемесіндегі оқушының құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, оның өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, баланың жеке басын, пікір мен сенім білдіру құқығын құрметтеуге, қадір-қасиетін құрметтеу негізінде тәртіпті болу сияқты қарапайым нормаларды орындауда кететін кемшіліктер жан-жақты қарастырылған.

Зерттеудің жетекші әдісі – бала құқығын қорғауды құқықтық реттеу мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілер мен әдеби дереккөздерді талдау әдісі.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Гәкку, Р. 2024. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.028.